{metadescription}
Астанадағы алапат өрт: Құрылысқа тез жанғыш алюкобонд қолданылған
Астанадағы алапат өрт: Құрылысқа тез жанғыш алюкобонд қолданылған

Астанадағы алапат өрт: Құрылысқа тез жанғыш алюкобонд қолданылған

Астанада отқа оранған көрме орталығының құрылысына тыйым салынған материал қолданылған. Ал төтенше жағдай департаменті оның өртке қарсы қауіпсіздігін бірнеше  жыл бойы тексере алмаған. Ғимараттың өзі қымбат үйлер салуымен танымал «Хайвил Қазақстан» құрылыс компаниясына тиесілі. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. 

«Хайвилдің» қымбат әрі ақылды  үйлер салумен айналысатынын астаналықтар жақсы біледі. Қаланың қақ ортасында көздің жауын алып тұратын көрме орталығының отқа оранғанын көргендер әуелде өз көзіне өзі сене алмағаны да сондықтан.

- Құдай сақтасын. Адамдар аман болсыншы...

Будақтап шыққан қара түтін түн қараңғысын одан сайын қоюландыра түсті. Қызыл жалын алаулап бастағанда іште жалғыз күзетші ғана болыпты. Ол кешкі сағат 9-дан 11 кеткенде 101-ге де қоңырау шалған. Өрт сөндірушілер келіп, тілсіз жаудың таралуын тоқтатқанша бір жарым сағат өтіпті. Бұл ғимарат «Хайвил Қазақстан» компаниясының көрме орталығы болған. Яғни, мұнда саудаға түсетін пәтерлердің үлгісі ұсынылатын. Екі, үш бөлмелі пәтерлердің нобайы, ішкі көрінісіне дейін клиенттер осы жерден көре алатын еді. Айналасы бірер сағаттың ішінде мың жарым шаршы метр аумақ мынадай күйге түсті. Темір қаңқасынан басқаның бәрі күлге айналған. Ішіндегі дүние-мүліктен пайдаға жарарлық ештеңе қалмапты.

Көрме орталығының сырты толығымен алюкобонд дейтін материалмен қапталған. Төңіректе шашылып жатқан мынадай алюминий қалдықтары соның дәлелі. Оның екі жағы осындай алюминиймен қапталады да ортасы 1 см-ге дейінгі қалыңдықта пластикпен толтырылады. Жалпы, елімізде бұндай материалды құрылысқа қолдануға болмайды. 2009 жылдан бері тыйым салынған. Бірақ, әңгіменің өзегі де осында болып тұр. Құрылыс нысаны 2005 жылы пайдалануға берілген.

Төтенше жағдайлар департаментіндегілердің айтуынша, оттың тез өршіп кетуіне осы алюкобонд себеп болған. Қалалық төтенше жағдай қызметінің осыған неге назар аудармаған деген сұрақ туындайды. Өйткені, өрт қауіпсіздігі бойынша 7 жыл бойы бір де бір тексеру жүргізілмепті.

Мейрамбек Қайсанов, Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары:

- Соңғы рет 2012 жылы тексерілген. Бұл ғимаратқа тексерісті тек жоспардан тыс қана тексереміз. Кәсіпкерлік кодекс бойынша. Жоспардан тыс тексерістер бізде егер арыз-шағым түссе, сол кезде ғана тексеріледі.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері мен шығын көлемі анықталып жатыр. Белгілісі, ғимаратта өрт сөндіру жүйесі емес, тек дабыл жүйесі ғана болған. Оның белгі берген-бермегені белгісіз. Ал «Хайвил Қазақстан» компаниясы жағдайға қатысты түсінік беруден мүлде бас тартып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде