Бүлдіршінді педофилден құтқарған әжей алғыс хатпен марапатталды
67 жастағы Оралкүл Айтжанова 11 жастағы баланы зорламақ болған азғынға қарсылық танытқан.
Автор: Бек Әбиев
15.02.2019
Зейнеткерге гүл мен алғыс хатты полиция департаменті табыстады. Дүйім жұрттың алдында марапатталған әжей сол күнгі оқиға туралы айтып берді. Бүкіл елді шулатқан жағдай былтыр шілденің 1-де орын алған еді. Ойнап жүрген оқушыны подъезге алдап кіргізген азғын әлсіз ұлды бас салған. Осы кезде баланың жан даусына жетіп келген көршісі Оралкүл апа педофилге жұдырық жұмсап кедергі келтірген. Ал, із жасырған 33 жастағы азғын тәулік өтпей қолға түсті. Қарияның қырағылығы көпшілікке үлгі болары сөзсіз.
Оралкүл Айтжанова, зейнеткер:
- Ұстадымда арқасынан бір қойдым «топас» деп. Сақалы өсіп кеткен, түрі жаман. Мені итермелеп, қашып бара жатыр. Ал, ол жерде ешкім жоқ. Анау көршім жүре алмайды, отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!