{metadescription}
Ақтауда тәрбиеші балабақша директоры басымды жарды деп шағымданды
Ақтауда тәрбиеші балабақша директоры басымды жарды деп шағымданды

Ақтауда тәрбиеші балабақша директоры басымды жарды деп шағымданды

Жанжалға балақайлардың тоя тамақ жемеуі себеп болған. Тәрбиеші бұл келеңсіздікті ата-аналарға жайып салған екен. Одан қалды, асханадағылардың балақайлардан асты аяйтынын ұялы телефонына түсіріп, әлеуметтік желіге де таратып жіберген. Десе де, қызметкеріне осы әрекеті үшін қол жұмсады делінген басшы мұны өзіне қарсы жасалған қастандық деп азар да безер. Керісінше, өзі тәрбиешіден таяқ жедім деп отыр.

- Біз тамақты дұрыс істемейді деген үшін! Не үшін ұрасыз?!

Басы жараланған тәрбиешіні көрген жұрт жағаларын ұстады. Кадрде келіншек өзін директордың ұрғанын айтып тұр. Оқиға «Айналайын» атты жекеменшік балабақшада болған. Ал қып-қызыл төбелеске себепкер болған мына кадрлер. Мұнда тәрбиеші балалардың күнделікті жарты жапырақ нан мен екі қасық ботқа жеп жүргенін көрсеткен. Тіпті, жемістің өзін жырымдап береді екен. Ал сорпасы сылдыр су. Оның өзі отыз балаға кейде жетпей де қалатын көрінеді. Дегенмен, балақайларды аштан қатырып жүр деген аспазшы өзіне шан жуытар емес.

Рахима Әбиева, аспаз:

- Міне, манты! Менің пісірген тамақтарым. Сорпа да міне. Ішінде еті бар. Картобы бар. Маркобы, асқабағы бар. Не керек енді мен білмеймін! Тап сол тамақты үйінде жемейді сол балалар.

Ал бір күнде бүкіл елге танымал болған балабақша басшысы болса, ұрыс тамақтан емес, тәпішкеден басталған деп отыр. Айтуынша, тәрбиешілердің бірі баланың аузына аяқ киімін тықпалаған. Оны ата-анасы көріп қойған. Жұмыстан қуылған қызметкер басқа тәрбиешілермен бірігіп, басшыдан өшін алмақ болған көрінеді. 

Гүлжанат Мұратбай, «Айналайын» балабақшасының директоры:

- Асылтас пен Раушан екі апалы-сіңілі. Осы жерде айқайлап, шыңғырып, өз-өздерін ұстамай алмады. Мен құшақтап қой деп едім, мені ұстама деп мені тырналап, менімен төбелесіп, жерге шашымнан тартып, құлатты. Сосын мен шығып, кетіп қалдым жүгіріп далаға. Себебі, үш қыз маған жабылайын деп отырған соң үйден адамдарды шақырып, полиция шақырайық, жедел жәрдем шақырайық деп келсем,  басы қан. Не істегенін білмеймін!

Осылайша директордың сөзі тәрбиеші өз басын өзі жарды дегенге саяды. Ал соққының қатты болғаны сонша, тәрбиешінің басын тігуге тура келіпті. Миы шайқалған тәрбиешіге енді ұзақ уақыт емделу керек. 

Асыл Өтепова, зардап шегуші:

- Маған дауыс көтерді. Даусыңызды көтермеңіз дедім. Онда мен сені сүйіп сөйлесейін деп, желкемнен ұстап, жібермей тұрды. Сосын мен итердім. Ол сосын бокалды алды да, бокалмен басымнан бір ұрды. Қан атқылап кетті. Үйіне қашып кетті.  Бар шындықты айтқаным үшін мені осындай жағдайға түсірді.

Тәрбиешілер тәпішке тыққанын да теріске шығарды. 

Нағима Қаржаева, тәрбиеші:

- Ондай болған жоқ. Маған бәле жауып отыр. Ол ызаланып, өзіне тәпігке тығып жатыр екне. Мен аузынан алып жатыр едім.

Қалай дегенмен де, бақшада төбелес шығарғандар бәрі жаппай бір күнде жұмыссыз қалды. 

Бағдат Тұрғанбаева, Ақтау қаласы білім бөлімі сектор меңгерушісі:

Бүгінгі жағдай  бойынша құзырлы органдармен бірлесіп комиссия құрылды. Бүгіннен бастап балабақша қызметін тоқтатты. 

Таяқ жеген тәрбиеші болса, басын жарған балабақша басшысын сотқа бермек. Ал кімге сенерін білмей, есеңгіреген ата-ана баласын бақшаға тапсыруға тартынып қалды.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.