{metadescription}
Атыраулық жұмысшылар ресейлік компаниядан жалақысын ала алмай жүр
Атыраулық жұмысшылар ресейлік компаниядан жалақысын ала алмай жүр

Атыраулық жұмысшылар ресейлік компаниядан жалақысын ала алмай жүр

Атырау облысында кәріз құбырын тартумен айналысқан жұмысшылар жарты жылдан бері айлықсыз жүр. Ал, ресейлік мердігер компания олармен есептесуге асықпай отыр. Сылтауы көп. Әр жұмысшының кемі 300 мың теңгеден аса алашағы бар. Серіктестік еңбек инспекциясының кемшілікті жою туралы ұйғарымын елер емес.

Алматыға әр өңірден келген жұмысшылардың талабы біреу - жалақы. Барлығы ресейлік құрылыс-жобалау компанияның маңын торауылдауға мәжбүр. Ала жаздай құрылыста еңбек еткендердің алды 6 ай жалақы көрмеген. Серіктестік бас-аяғы 30 жұмысшыға берешек. Алайда олардың көбі Алматыға жете алмай отыр. Алысқа жол жүру де қаржы мәселесіне келіп тіреледі.

Шерхан Жүсіпов, прораб:

- Осы «Ломарда» тамыздан жұмыс істеп жатырмын. Осы балалардың барлығын мен алып келіп едім.  Учаске бастығы болып істедім. Аяқ жағында бәрімізге ақша бермей аяғында қуып шықты. Жүрміз осылай жұмыссыз.

Бақытжан Жұмаділдаев осында бауырының атынан келген. Інісі денсаулығына байланысты сенімхат беріпті. Әзірге, 350 мың теңгені қайтару мүмкін емес. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен бастап бірнеше мекемеге шағымданған. Серіктестік директоры Александр Лозенко - Ресей Федерациясының азаматы. Жұмысшылардың айтуынша, ол қазақ тілінде ұялы телефонына хабарлама жібергендерді келемеждейді екен.

Бақытжан Жұмаділдаев, жұмысшының сенімді өкілі:

- Лозенко мырзаға қазақ тілінде айлық жөнінде сұрап жазсам ол кісі маған мысқылдап, кекетіп ағылшынша, кәрісше жауап береді. Біздің тілімізді төмендетіп менсінбейді ешқандай.

Компанияның бас кеңсесіне барып едік, есіктері тарс жабулы болып шықты.

Мұндағылар жұмысшылардың осы маңда жүргенін сырттай көріп, жұмыстан кетіп қалған. Ал телефон арқылы «полиглот» басшымен орысша тілдескенімізде сұхбат бермейтінін айтты. Көпшілік айтып отырған жоба - Атырау өңірінде. Олар Исатай ауданы Аққыстау ауылында кәріз құбырларын тартумен айналысқан. Тапсырыс беруші - Атырау облыстық құрылыс басқармасы. Бүгінге дейін 12 шақырым жерге құбыр жүргізілген. Мердігер құрылыс талаптарын сақтамай отыр дейді жиналғандар.

Шерхан Жүсіпов, прораб:

- Жобаға сай жұмыс істейік десек оған мұрша бермейді. Оны тексеріп жатқан ешкім жоқ.

Құрылыс-жобалау компаниясының сылтауынан көпшілік шаршаған. Осыдан кейін Алматыдағы еңбек инспекциясы серіктестікті тексеріпті. Арызданғандар саны 12. Әзірге, өндірілетін жалақы көлемі белгісіз. Орта есеппен алғанда, «Ломар» серіктестігі бір жұмысшыға жарты миллионға жуық қарыз.

Алмат Қалдыбаев, Алматы қаласы, Мемлекеттік еңбек инспекциясының бөлім басшысы:

- Тексеру қорытындысы бойынша жұмыс берушіге Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексінің талаптарына сай айыппұл салынды. Бұдан кейін ұйғарым берілді. Қазіргі таңда ұйғарымның мерзімі бар. Егер де заңмен белгіленген мерзімде ұйғарым орындалмаса, біздің тарапымыздан бақылау тексеру жүргізіледі.

Егер серіктестік еңбек инспекциясының талабын орындамаса, іс әкімшілік сотқа жіберіледі. Алайда жұмысшылар бұдан нәтиже шығатынына күдікпен қарайды. Себебі, олар серіктестік басшысысының жақындарының атына тіркелген компаниялар арқылы, тапсырыс берушіден ақшаны алып отырғанына сенімді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде