Қолдан қымбатшылық жасағандардың қулығы әшкере болды
Петропавлда қолдан қымбатшылық жасап, шаш етектен пайда көрген тауық етін тасымалдаушылардың қулығы әшкере болды. Олар бұл тауар түрінің бағасын 10 пайызға өсіріп, екі ай бойы саудалап келген.
Автор: Руслан Әбдіхалық
15.02.2019
Бизнесмендердің ашкөздігі монополияға қарсы агенттігіне шағым түскенде ғана анықталған. Әккі кәсіпкерлердің үстінен арызды өңірлік туризим және кәсіпкерлік басқармасы жазған. Тексеру қорытындысы бойынша аймақтағы екі ең ірі тауық етін тасымалдаушы компаниялардың келісе отырып, бағаны қолдан көтергендері белгілі болыпты. Қулығына құрық бойламайтындар дастархан мәзірінде жиі кездесетін тауықтың аяғы мен қанатын еліміздің әр түкпірінен алдырып отырған. Енді кәсіпкерлердің тауардан түскен заңсыз табысы тәркіленіп, қомақты айппұл салынады.
Наталья Шаяхметова, СҚО табиғи монополияны реттеу департаменті басшысының орынбасары:
- Жан-жақты тексеру жүргізілді. Ал кәсіпкерлер жаңа бағаны бекіту жөнінде тек екеуара талқылау ғана болды деп ақталып, өздеріне шаң жуытпады. Сөйтіп өз кінәләрын мойындамай отыр. Сондықтан сотқа жүгінуге мәжбүрміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!