Екі оқушыны көлік қағып кетті
Қарағандыда мектепке барар жолда жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан екі оқушыны көлік қағып кетті. Қатты соққыдан 13 және 14 жастағы балалар бірнеше метр жерге ұшып кеткен.
15.02.2019
Оқиға орнына полиция және жедел жәрдем тез арада жеткен. Дәрігерлер естері кіресілі шығасылы екі баланы ауруханаға жөнелткен. Оның бірі жағдайы дұрыс болғасын үйіне жіберілді. Ал екіншісін ауруханаға жатқызуға мәжбүр болыпты. 14 жастағы оқушының аяғы сынып, түрлі дене жарақаттырын алған. Ал 31 жастағы Лада көлігінің жүргізушісі тергеліп жатыр. Ол балаларға кетілірген жарақаттың ауырлығына байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!