Көп балалы аналар Астана әкімімен кездесті
Өздеріне көрсетілер көмекті көбейтуін сұраған әйелдер Бақыт Сұлтановқа айтқан өтініштерін қайта оқып берді.
Автор: Досжан Маратұлы
15.02.2019
Олардың негізгісі - жәрдемақы мен жөргек пұлды өсіру, кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар аналарға түнгі ауысымда жұмыс істеуге тыйым салу және көп балалы отбасыларды баспанамен қамту мәселесі. Әкім 50-ге жуық ананы жеке-жеке қабылдап, осы және өзге де талап-арыздарын тыңдап шықты. Сөйтіп, көп балалы отбасыларды, үйі сүрілетін тұрғындардың тізіміне қосуды тапсырды. Сөйтіп, олар үшін жалға берілетін тұрғын үйлер салынбақ. Сол үшін әкім аналарды сәл шыдай тұруға шақырды.
Бақыт Сұлтанов, Астана қаласының әкімі:
- Былай есептегенде 45 мың адам кезекте тұр Астанада. Олардың барлығын баспанамен қамтамасыз етсек 1 триллиондай қаражат керек. Сондықтан бұл бір күнде шешілетін мәселе емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!