{metadescription}
Балаларды ұрып-соғып жатқан бейнежазбалар интернеттен дереу жойылады
Балаларды ұрып-соғып жатқан бейнежазбалар интернеттен дереу жойылады

Балаларды ұрып-соғып жатқан бейнежазбалар интернеттен дереу жойылады

Ал мұғалімдерді басқа жұмысқа жегіп, керек-жараққа өз қалтасынан ақша жұмсатқан басшылар әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ. Мұның бәрі егжей-тегжейлі педагог мәртебесі жөнінде дайындалып жатқан заң жобасына енгізіліп отыр.

Елімізде кәмелетке толмаған 5 мыңнан аса бала полицияның есебінде тұр. Жеткіншектерге жәбір көрсететіндер де аз емес. Былтырдың өзінде балаларға қатысты екі мыңнан астам қылмыс жасалған. Сондықтан Білім және ғылым министрлігі балалар қауіпсіздігін күшейту үшін бұзақы оқушылардың мектепке әкелген суық қаруын тәркілеп алмақшы.

Раиса Шер, Білім және ғылым министрінің балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңесшісі:

Суық қару, газ баллондары және тағы басқалар. Жалпы тізімі Ішкі істер министрлігімен келісілді. Жақын күндері жарияланады, өйткені кеше министр қол қойды. Ал оны қалай тартып аламыз, ол жағы талқыланып, арнайы әдістемесі жасалады.

Білім министрі балалар құқын қорғау үшін әлеуметтік желілерге де көз тігіп отыр. Өйткені, бір-бірін аяусыз соққыға жығып жатқан жасөспірімдердің көрінісі интернетте қаптап барады. Елді дүрліктірген сондай жәйттердің бірі өткенде ғана Түркістанда болды.

Сағадиев осының бәрін желіден жоюға кірісіпті. Бұдан былай мұндай видеолар интернеттен бір сағатта жойылады. Ол үшін мұғалімдер бірден ақпарат және байланыс министрлігіне шығып, алып тастау жөнінде ұсыныс беруі керек. Оқу ісінен бөлек, мектептің қосымша жұмыстарынан қолы босамайтын ұстаздарды да үлкен жаңалық күтіп тұр. Зерттеулерге сүйенсек, жалақының төмендігінен мемлекеттік мектептерде істейтін мұғалімдердің шамамен төрттен бірі бірнеше штатты қоса алып жүр. Бұл ұстаз мойнына түскен көп жүктеменің бірі ғана. Сондықтан, заңға мынадай өзгерістер енгізілмек.

Елдос Нұрланов, мұғалім мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі:

- Енді тән емес жұмыс түріне тартқан, заңнамада қаралмаған есепті сұратқан, өз есебінен құрал-жабдыққа қаржы жұмсатқан лауазым иесі әкімшілік жауапқа тартылатын болады. Бұрын ондай жауапкершілік әкімшілік құқықбұзушылар туралы кодексте болмаған.

Ал білім беру мекемелеріндегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау деген енді болмайды. Бұл ұстаздардан оқу жүктемесін әлдеқайда азайтпақ.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

- 2020 жылдан бастап оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүйесін алып тастаймыз. Біздің ойымызша, қазіргі уақытта жоғары оқу орындарына бұл жүйенің керегі жоқ. Қараша айында информатика, қазақ және ағылшын тілдері, философия пәндері бойынша соңғы рет өткіземіз деп отырмыз.

Яғни, бұл жүйені алып тастау білім мекемесінің оқу процесіне әсер етпейді. Ал студенттерге келсек, 3 алғандар шәкіртақыдан айрылмауы мүмкін. Сағадиев оның білім сапасын жақсартуға септігі тиеріне сенімді. Өйткені, ақшадан қағылмаудың амалын істеп, баға үшін оқитындар көбейіп кеткен дейді министр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде