{metadescription}
0:000:00
Таразда есептеуіш орнатудың соңы үлкен жанжалға ұласты

Таразда есептеуіш орнатудың соңы үлкен жанжалға ұласты

Таразда қуат көзін есептеуіш құралдары түгелдей жанып кеткен жатақхана тұрғындары шенеуніктер ісіне наразы. Олардың айтуынша, мемлекеттік мекеме жарықты есептейтін аппаратты, жаңғырту жобасы арқылы қымбатқа орнатуды міндеттеген. Бұл ұсыныс көптің көңілінен шықпады. Себебі жағдайы жұпыны ел құны қымбат қондырғынының ақысын қайтаруға шамамыз келмейді дейді деп, шыр – пыр.  

Жұрттың тынышын бұзған өрт екі жеті бұрын болған. Электр есептеуіш құралдары орнатылған бөлменің түгі қалмай жанып кеткен еді. Ел үш күн бойы жарықсыз қалған. Ал жұрт, әкімдік бүйректен сирақ шығарды дейді. Наразы топтың айтуынша, шенеуніктер жарықты есептеу аппаратын жаңғырту жобасы арқылы орнатуды міндеттеген. Бұл қымбатқа шығып жатқан көрінеді.

Жанар Бәйменова, Тараз қаласының тұрғыны:

- Модернизацияға кіріңдер деп Дүйсен міндеттеп жатыр. Оған кіретін шамам жоқ. Айына 550 теңге дейді. Ол ондай болмай одан көп болады екен. 15 жылда 300 мыңнан жоғары болып кетеді екен.

Әркім тығырақтан шығу жолын қарастырған. Сөйтіп көбі су жаңа есептеуіш құралын сатып алған. Бағасы 30 мың теңге. Бірақ оны жекелей орнатуға рұқсат жоқ. Атқамінерлер талабы бойынша 88 пәтердің қуат көзін есептеу қондырғысы бір бөлмеге қойылуы тиіс. Бірақ бұл жүйені жұрт тиімсіз дейді. 

Әли Әлиев, Тараз қаласының тұрғыны:

- Бұл жерде көбіне тұрмысы төмен отбасылар тұрады. Мұндай қыруар қаржыны төлеуге шамамыз жоқ. Зейнетақының өзі мардымсыз. 15 жыл бойы қайдан ақша тауып бермекпіз? Мұндай модернизациясына рақмет!

Өрттің электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққаны анықталған. Оған кінәліні іздеп ешкімнің бас ауыртатын түрі жоқ. Шенділердің сөзінше, ғимарттың электр желілері мен есептеуіш құралдарын жаңалау үшін, әкімдік әмиянынан 7 млн. теңге бөлінеді. Бұқара қаласа да, қаламаса бұл сомманы 15 жылда санап берулері тиіс. Бірақ, ел шошығандай сонша қымбат емес, бар болғаны айына түтін басына 423 теңге дейді. Тіпті бұған жұрттың басым бөлігі келіскен деп отыр.  

Ғазиз Ерғалиев, Тараз қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

- Тұрғын үй қатынастары заң талаптарына сәкес, жалпы үйдің басқару органы көпшіліктің шешімі болып табылады. Сол үйдің 70 пайызы осы бағдарлама аясында желілерді толығымен ауыстыру деп шешті. Оған хаттама бар.  

Осылайша әкімдік пен қараша ортақ мәмлеге келе алмай жатыр. Әзірге  тұрғындар есетеуіш құралынсыз қуат көзіне тікелей жалғанған. Ал ай соңындағы төлемге келгенде тағы да дау туындауы мүмкін. Себебі бұл жолы әр шаңыраққа емес, адам басына есептеседі. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде