{metadescription}
0:000:00
Қалетаев жас отбасылардың жас мөлшерін неліктен ұлғайта алмайтынын түсіндірді

Қалетаев жас отбасылардың жас мөлшерін неліктен ұлғайта алмайтынын түсіндірді

Заңнан аттап кете алмаймыз. Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алатын жас отбасылардың жас мөлшерін неге ұлғайта алмайтындарын осылай түсіндірді. Оның үстіне, елді тастап, шетелге ағылып жатқан білікті жастардың қатары көбейген. Бас қосып, үйленгендерінен ажырасуы тез. Тіпті, осы күнгі жастардың саны бұрынғыдан азайып қалыпты.

Үш ірі қала – Астана, Алматы және Шымкентте жас отбасыларға жалдамалы мың пәтер беру туралы Президент тапсырған болатын. Қазір соның жобасы жасалып жатыр. Оның бірнеше талабы бар. Жастардың ресми табыс көзі, балалары болу керек. Бірақ, бекітілген жас 29. Жас мөлшерін 35-ке дейін арттырудың ауылы алыс болып тұр. Өйткені ереже заңмен бекітілген. Министр ал баспанаға тезірек қол жеткізу үшін онсыз да кісі есігін паналап жүрген жастар көбірек бала табуы тиіс дейді.

Дархан Қалетаев, ҚР Қоғамдық даму министрі:

- Бала неғұрлым көп болса, пәтер алуға мүмкіндік те көп. Ол үш жылға келісімшартпен беріледі де шаршы метріне 200 теңге төлеп тұрады. Үш жыл тұрғаннан кейін арнайы комиссия қарастырады да не әрі қарай ұзартады, не үйді қайтарып алады.

Ал депутаттардың есебінше, осы күні жастардың саны бұрынғыға қарағанда азайып қалыпты. Оның үстіне, шетелге оқуға кетіп, қайтпай жатқандар жетерлік. Әсіресе, дарынды, қолынан іс келетін талапты жастар елді тастап кетіп жатқан көрінеді.

Құралай Қаракен, Мәжіліс депутаты:

Бір Ресейдің өзінде 70 мыңдай шәкіртіміз біліп алып жатыр. Олардың елге түгел қайтуы неғайбыл. Өйткені, қолдағы дерекке қарасақ, әр саладағы білікті мамандардың шетел асуы 34-тен 88 пайызға дейін көбейіпті.

Министрдің айтуынша, олардың 70 пайызы сыртта жайлы өмір,  тілдік ортасын іздеген өзге этностардың өкілдері. Ал жастардың қатарының сиреуі 90-жылдардағы күнкөріс қиындығы мен, демографияның тұралауына барып тіреледі. Мұның қасында, өз-өзін өлімге қиған жасөспірімдердің саны былтыр 628-ге жетіпті. Бұл қайта азайғаны екен.

Дархан Қалетаев, ҚР Қоғамдық даму министрі:

- Былтырғымен салыстырғанда әрине, азайды. Енді көпке азаймаса да азайып келе жатыр. Психологтар жетіспейді. Әсіресе, қазақтілді психологтар табу өте қиын. Біріншіден, олардың кәсіби деңгейі айта кету керек, жоғары емес.

Ал ақыл-есі толысып, отбасын құрған жастардың арасында ажырасу дерегі көбейе түскен. Оның астарына үңіліп көрсе, бір себебі балалы бола алмауынан екен. Соңғы 7 жылда эко арқылы 1800 бала өмірге келіпті. Соның өзі жетпейді, квотаны тағы көбейту керек дейді Қалетаев.

Осыған қатысты министрлік барлық жерде отбасын қолдау орталықтарын ашпақшы. Оның қызметін қарапайым тілмен айтсақ, жастар үйленбес бұрын сол жерге барып болашағы туралы ақыл-кеңес алмақ. Қазірдің өзінде мұндай орталық тәжірибе ретінде Алматыда жұмыс істеп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде