{metadescription}
Алматыда баласын балғамен ұрған әйелге қатысты үкім шықты
Алматыда баласын балғамен ұрған әйелге қатысты үкім шықты

Алматыда баласын балғамен ұрған әйелге қатысты үкім шықты

Туған қызын ұрып-соғып, одан қалды бес жыл бойы зорлықпен қамауда ұстаған Анна Иванованың өзін сот алты жылға қапасқа жапты. Қатігез анамен бірге, баланың денесіндегі жарақаттарға бей-жай қараған бұрынғы сынып жетекшісі мен құзырлы орган өкілдері де жазаға тартылатын болды. Сот олардың үстінен қылмыстық іс қозғау жөнінде қаулы шығарды.

Десе де, аса қатігездігі үшін сотталған әйел үкімді естігенде де бет бақтырған жоқ. Керісінше, сот залында айқайға басып, қолынан кісенді шешіп тастауды талап етті.

Туған қызының түрін кісішошырлық халге жеткізген әйел бүгінге дейін сот отырыстарына үйінен келіп, кетіп жүрген. Бұл жолы да сол ізімен кері қайтатындай, сырт киімін де шешпеді. Бірге еріп келген таныстарымен емін-еркін әңгімелесіп, қайта миығынан күліп отырды. Бірақ та, жымиып отырған күдікті көп ұзамай езуін жиып алды. Себебі, сот залына қарулы күзет сау ете қалды. Артынша, судья да кіріп, бірден үкімді оқуға кірісті.

Анна Иванова кінәлі деп танылсын. Оның жасы кәмелетке толмаған қызының денсаулығына қасақана келтірген ауыр жарақаттары мен дене зақымдары үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын орта қауіпсіздіктегі колонияда өтесін.

Осылайша, туған қызын бес жыл бойы ұрып-соғып, үйінде қамап ұстап отырған әйел абақтыдан бір-ақ шықты. Десе де, асқан қатігездігімен танылған Анна Иванова үкімге бірден мойынсұна қоймады. Қолына кісен салмақ болғандарға қарсылық тынытып, айқайға басты.

- Не одевай наручники! Я тебе не убегаю же! Не тяни!

- Как вы считаете, это справедливое наказание?

- Беспредел!!!

Десе де, қарулы күзет оның айқайына қарап тұрмады. Қолын кісендеп, алды-артына қаратпады. Ал қылмысын бес жыл бойында ешкім білмей келген әйел өзін журналистердің кесірінен сотталдым деп есептесе керек. Өзі жайлы ақпаратты елге таратқан тілшілерге лағынетін жаудырып кетті.

- Құдайдың қарғысы атсын сендерге. Бірде сараптама ештеңені дәлелдеген жоқ.  Кінәлі емеспін.

Бұған дейін сотталушы судьяның алдында жалбарынып кешірім сұраған. Бірақ үкімнен соң оның бәрі ұмытылып қалса керек. Әйелдің беті безерген күйі кетті. Ал қаршадай қызды жауыз әйелден арашалап қалғандар үкімге ризашылығын білдірді.

Надежда Барсукова:

- Диананың жайына бей-жай қарамағандарға бәріне рахметімді айтамын! Жауыз әйелдің жазасын берген судьяға да рахмет! Енді бұл басқа ата-аналарға сабақ болсын! Үкімге разымын!

Қызын аяусыз ұрған әйелдің есі дұрыс емес болар деген де күдік болған. Оны тексерген мамандар келіншектің өзі де, дені де сау деген шешімге келді. Яғни, Анна Иванова есін біле тұра, бауыр еті баласын балғамен ұрып, құлағын жұлған. Мұрнын кескілеп, ернін тілген. Бұл қылмысы үшін прокурорлар оны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Бірақ судья оның тағы 8 жасар қызы барын ескеріп, жазасын сәл жеңілдетіпті. Жалпы, бұл әйелге кесілген бұл бірінші үкім емес. Бұған дейін де Иванова есірткімен ұсталып, 4 жылға түрмеге жабылған. Бірақ, әйел одан сабақ алмаса керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде