Кәсіпкерді өлтірді деп күдікке ілінген жігіт марқұмның жүргізушісі болған
Шымкентте кәсіпкер мен оның әйелін үйінде өлтіріп кеткен адам, марқұмның қолында бір жыл жүргізуші болып жұмыс істеген. Жұмыс берушісін басынан атып, оның әйелін пышақтап өлтірген азаматты сот екі айға тергеу абақтысына жапты. Ал күдіктінің өзі жасаған қылмысын мойындап отыр.
Автор: Бек Әбиев
19.02.2019
- Кешірім сұраймын. Істегеніме өкінемін.
- Яғни, істеген іс-әрекетіңізді мойындайсыз ғой?
- Иә, мойындаймын.
Бұрынғы басшысының қолында бір жылдай істеген 27 жастағы жігіт, кәсіпкердің үйіне түнделетіп терезеден кірген. 64 жастағы отағасы бұл кезде теледидар көріп жатқан екен. Бірден оны басынан атып, артынша шуға шыққан 62 жастағы әйелін сұлатқан. Ауыр жарақат алған егде жастағы ерлі-зайыпты сол жерде көз жұмды. Сөйтіп, сейфтегі 2 миллион 300 мың теңге мен алтын бұйымдарды алыпты. Марқұм кәсіпкер құрылыс компаниясының құрылтайшысы болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!