{metadescription}
0:000:00
Алматы облысында анасы тастап кеткен сәбиді асырап алғысы келетіндер көбейген

Алматы облысында анасы тастап кеткен сәбиді асырап алғысы келетіндер көбейген

Алматы облысында тасбауыр анасы шарбаққа іліп, тастап кеткен сәбиді асырап алғысы келетіндер күннен күнге көбейіп жатыр. Небәрі бір аптаның ішінде балаға зар елуге жуық ерлі-зайыпты тастанды шақалақты бауырына басуға ниет білдіріпті. Ал ақпанның аязында көшеде жатып қалған нәрестенің аман қалуын дәрігерлер ғажайыпқа балап отыр. Себебі, жаурап қалған қыз бала табылғанда кіндігі шұбатылып жатыпты.

Перзентханада кеше-бүгін өмірге келген нәрестелердің арасында жалғыз Айару ғана іңгәләп жатыр. Періште өзін тастап кеткендерге осылай өкпелесе керек. Дегенмен, дәрігерлердің оған ет-жүрегі елжіреп, қасынан бір елі кетпей жүр. Тіпті, алдағы өмірі айдай жарық болсын деп Айару деп ат қойған.

Тастанды балаға дәрігерлер бүгінде күні-түні көз алмастан қарап отыр. Тамақтандырып, барлық ем-домын жасауда. Айару осында түсті деп естігелі бері күніне мұнда кем дегенде 2-3 адам хабарласып, баласыз отбасылар Айаруды асырап алғысы келетінін айтады екен.

Жасанды сүтті рахаттана ішкен шақалақ сәл болмағанда шетінеп кетуі әбден мүмкін екен. Бірнеше сағат аязда қалып қойған сәбидің денесінің температурасы 34 градусқа дейін түскен. Тіпті, соқыр болуға аз қалыпты. Жанарынан инфекция табылған. Қазір жарасы жазылып, қап-қара көздері мөлдіреп тұр. Дәрігерлер анасының асығыс босанғанын айтады. Баладан ертерек құтылғысы келсе керек, шұбатылған кіндігімен қалдырып кетіпті.

Гүлнәр Мамырбаева, Есік перзентханасының директоры:

- Періштесі қақты деп айтуға болады. Адамдар тауып алып жаны қалды. Неге десеңіз, сол күні қатты боран соғып тұрды.

Ал нәресте мына үйдің шарбағынан табылған. Көкек ана оны целлофанға салып, ағашқа іліп кетіпті. Сәбидің даусын пешке отын алуға шыққан үй қожайыны кездейсоқ естіп қалған. Мұны білген бойда ақ халаттылар дереу тіркеуде тұрған жүктілердің бәрін түгендеп шыққан. Бірақ, анасы табылмады. Дәрігерлер сырттан келген келіншектің қонақ үйлердің бірінде босанған болуы мүмкін дейтіні де сондықтан.  Жалпы жаңа туған сәбиді көшеге тастап кету деген Есік қаласында соңғы 12 жылда болмаған. Көбіне перзентханада бас тартып жатады дейді дәрігерлер. Оның өзінде де, көзі қимай кетеді екен. Ал баладан бас тартуға жалғыз ғана себеп. Ол ақшаның жоқтығы екен. 

Гүлнәр Мамырбаева, Есік перзентханасының директоры:

- 2018 жылы бізде 3-ақ бала тастанды атанды. Оның екеуі ауру боп туылған балалар. Аналары емдей алмаймыз деп тастап кеткен. Көбі жағдайы нашар, ішетін әйелдер мен нашақорлар.

Ал екі жарым келі боп дүниеге келген Айару бірер күнде сәбилер үйіне жеткізіледі. Тасбауыр ананы полиция жер көктен іздеп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде