{metadescription}
0:000:00
«Дос боламын»: Ішкі істер министрі тілшілерден тұра қашпайтын болды

«Дос боламын»: Ішкі істер министрі тілшілерден тұра қашпайтын болды

Бүгін су жаңа Ішкі Істер министрі журналистерге осындай уәде берді. Министр ретінде алғаш рет үкімет отырысына қатысқан Ерлан Тұрғымбаев жер үйлердегі өртке тұрғындардың өздері кінәлі деп отыр. Әрі генерал-майор Ішкі істер саласын реформалауға қатысты ауқымды жоспары барын да айтты.

Жүзі бал-бұл жайнаған Ерлан Тұрғымбаев бүгін Үкімет отырысына Ішкі істер министрі ретінде алғаш рет қатысты. Сондықтан барлығының назары сонда. Әріптестері оны еліміздің бас полицейі атануымен кезек-кезек құттықтап, қолын алып жатыр. Ал жиын аяқталған бойда, Тұрғымбаев бұрынғы басшысы  Қасымов  сияқты тілшілерден тұра  қашқан жоқ. Керісінше, тоқтап, сұрақтарға жауап беруге тырысты.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

Қашпаймын ешқайда.

- Бізбен дос боласыз ба?

- Дос боламын. Менің кеңесшім бар, кеше жұмысын бастады. Бәрін ашып айтамыз. Мен бұрыннан істеп келе жатырмын ғой. Министрдің 6 жыл орынбасары болдым. 35 жыл органда істеген соң, барлық проблеманы білемін. Жұмыс бойынша өзіміздің үлкен жоспарымыз бар. Соны әрі қарай көреміз.

Су жаңа басшының осы ауқымды  жоспарының ішінде өртке қарсы қауіпсіздікті күшейту мәселесі бар. Астанадағы 5 баланың өмірін жалмаған сұмдық оқиғадан соң министрлікке қарасты Төтенше жағдайлар комитетінің жауаптылары жазаланып, «101» қызметі сынға қалған еді. Тұрғымбаев қазір үй-үйлерді аралап, қауіпсіздік шараларын жүргізу үшін өрт сөндірушілер жеткіліксіз деп ақталды. Сол үшін генерал  тұрғындардың өздерін барынша от пен ошаққа абай болуға кеңес берді.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

- Үйі өртенсе адамдар үнемі  өрт сөндірушілерді кінәлап жатады. Негізі, құтқарушылар қауіпсіздік талаптарының сақталуын қадағалау үшін ескерту қағаздарын таратумен шектеледі. Сондықтан  баспанасын көмірмен немесе өзге де отынмен жылытып отырған тұрғындардың өзідері қауіпсіздік мәселесіне жауапты қарауы тиіс. 

Қызметкерлерін баспанамен қамту мәселесі де министрдің бас ауруы. Оның айтуынша, Төтенше жағдай, Қылмыстық атқару комитеттері мен Ұлттық ұлан мен полицейлерді қоса есептегенде Ішкі істер саласында 159 мыңнан астам адам бар. Ал соның 35 мыңы біреудің босағасында жүр екен.

Сондықтан Ерлан Тұрғымбаев ең әуелі ауылдағы учаскелік инпекторлардың баспана мәселесін шешуге кіріскен. Айтуынша, оларға жергіліктер әкімдер полиция бөлімінің ішінен, тұруға болатындай баспана салып беріп жатыр. Ал елдегі қылмыс, ұрлық-қарлықтың алдын-алу үшін не істемек? Және Қасымов бастаған реформаларды жаңа генерал қалай жалғастырады? Бұған бір апта бұрын тағайындалған Ішкі Істер министрі таяу арада жан-жақты жауап беруге уәде етті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде