Алматыда кәсіпкер әйелдер бас қосты
Форумда бизнестегі табысты қыз-келіншектер ойларын ортаға салып, өзара тәжірибе алмасты. Шараның өтуіне Халық банкі мұрындық болған.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
20.02.2019
Алып шаһарда алғаш рет ұйымдастырылған форумға 100-ден аса кәсіпкер әйелдер мен қоғам қайраткерлері және спорт пен мәдениет саласының бетке ұстар өкілдері қатысты. Шараның басты мақсаты әйелдердің бизнестегі белсенділігін арттыру. Форумда сөз алған іскер қыз-келіншектер өз тәжірибелерімен бөлісті. Кәсіп бастаудың түрлі жолдарын ұсынды. Нәзік жандылар бизнес-ортаның түйткілді мәселелеріне, экономикалық саясат, шағын және орта бизнестің жайына кеңінен тоқталды.
Үміт Шаяхметова, «Халық банк» АҚ басқарма төрайымы:
- Шағын және орта бизнестің дамуы біз үшін маңызды. Елімізде кәсіпкер әйелдер өте белсенді. Олар үй мен түздің шаруасын дөңгелетіп қана қоймай, ел экономикасына да серпін береді. Алайда, әйелдер бизнесте түрлі қиындықтарға тап болады. Сондықтан біз ортақ мәселелерді бірігіп шешуіміз керек. Семинарлар мен мастер-кластарды жиі өткізсек кедергілерге төтеп беретін боламыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!