Тұтас ауылды зейнетақы мен жәрдемақысыз қалдыра жаздады
Шығыс Қазақстанда облысында «Қазпошта» мекемесіне қызмет көрсетіп жүрген азамат, тұтас ауылды зейнетақы мен жәрдемақысыз қалдыра жаздады. 23 жастағы тұрғын Қабанбай ауылындағы пошта бөлімшесінде тұрған банкоматты бұзып, 13 жарым миллион теңгені қолды қылғанымен қоймай, ізін жасыру үшін ғимаратты өртеп жіберген.
Автор: Бек Әбиев
20.02.2019
Алайда, қылмыскер көп ұзамай қолға түсті. Бұрын «Қазпоштаға» келіп, техникалық қызмет көрсететін Үржар ауданының тұрғыны мұнда түнделетіп кіріпті. Банкоматтағы миллиондарды үптеп кеткен ол тәулік өтпей жатып ұсталған. Бірақ екі миллионға жуық теңгені жаратып үлгерген. Қалған 11 миллионнан астам қаржыны полицейлер қазынаға қайтарды. «Қазпоштаны» тонаған қылмыскер енді 8 жылын түрмеде өткізуі мүмкін.
Нүркен Көпжасаров, ШҚО Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының басшысы:
- Осындай ауыр қылмыс жасау бір-бірден себебі поштада ғимаратында күзет күзетілмеуі, бейнекамералардың бақылауы болмағаны деп табылады. Қазіргі уақытта қылмыс ашылды. Және тонау және өртеу фактісін жасау күдікті тұлға уақытша изоляторға қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жасалуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!