Атырауда қырылып қалған құнды балықтар өртеліп жатыр
Осылайша бекіре өсіретін «Луговой жылқы зауыты» АҚ Атырау филиалының 110 тоннадан астам бағалы балығы күлге айналмақ. Бүгінде Атырау қаласындағы жануарлар мен медициналық қалдықтарды өртейтін крематорияның 4 пешінде тәулігіне 8 тоннадай балық өртелуде.
Автор: Жанар Низамутдинова
20.02.2019
Зауыт қызметкерлері бұл жерге көлікпен күніне 4 мәрте қатынап, балықтарды бір апта дегенде әрең тасып бітіріпті. Ал, өртеу жұмыстары алдағы он күннің ішінде аяқталуы тиіс. Балық зауытындағылардың айтуларынша, олар жергілікті полиция департаментінен бекірелерді жоюға рұқсат алған соң дереу, іске кіріскен. Өйткені, Жайық бетіндегі мұздың күн өткен сайын жұқаруына байланысты, тонналаған бекіренің өзеннің келесі бетіне тасылмай қалу қаупі туындапты. Естеріңізге сала кетейік, балықтардың жаппай қырылу дерегі өткен жылдың желтоқсан айында алғаш рет тіркелген. Зертханалық сараптама олардың жаппай қырылуына судағы аммиак пен хлордың мөлшерден көп болуы себеп деген қорытынды шығарды. Қазір осы жайтқа байланысты екі қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Өкінішке қарай, арада үш ай өтсе де кінәліер әлі анықталмады.
Әділет Қайыров, «Аg disinfection services» ЖШС қызметкері:
- Күніне 8 тоннадан жағамыз екі ауысымда, күні-түні. Осы төрт пеш, төртеуі де жанады. Бұйырса осы жұмысты күніне 8 тоннадан жағып өртеп бітіреміз. Түтін ешқандай зиян емес. Кәдімгідей ауаға ұшып кетеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!