{metadescription}
Алматы әкімі: «Пара бердің ба, жылама»...
Алматы әкімі: «Пара бердің ба, жылама»...

Алматы әкімі: «Пара бердің ба, жылама»...

Бүгін Алматы әкімі ағынан жарылып, халық алдында есеп берді. Бауыржан Байбекпен кездесуге үш мың адам жиналды. Бірақ Республика сарайына кіре алмай, сырттан қайтқандар да бар.

Алматы әкімінің есебін тыңдауға халық таң бозарып атқаннан жиналды. Бірақ күзетшілер бәрін бірдей ішке кіргізген жоқ. Іріктеуден өткен үш мың адам Бауыржан Байбектің баяндамасын 1,5 сағат ұйып тыңдады. Сауал жолдау үшін ұзын сонар кезекке тұрғандар қоғамдық көліктегі ұрлық тиылмай тұрғанын айтса, енді бірі әкімге Алматының ауасы қашан тазарады деп сауалды төтесінен қойды. Бірақ бәрінен де Байбектің шамына тиген жемқорлық мәселесі еді.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

- Жемқорлық мәселесіне қатысты көп шағым түседі. Бәріне көмектесесің, ақшасын қайтарып алған соң арыз жазғысы келмей қалады. Баласы бар ғой отбасы бар ғой деп аяп шығады. Олай істейді екенсің пара бердің ба жыла ма? Ал жылайды екенсің пара бер ме?

Бауыржан Байбек қаладағы саябақтар мен жолдың мәселесіне көп тоқталды. Ірі даңғылдағы жылдамдықты шектеуге не үшін тапсырма бергенін де түсіндірді.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

- Бұл қауіпсіздік мәселесі. Біз жылдамдықты 80-нен 60-қа түсіру арқылы бір адамның өмірін сақтап қалсақ та үлкен жетістік. Содан кейін Әл-Фараби қаланың сыртындағы емес ішінде көше. Жылдамдықты алпысқа түсіру арқылы біз бұл жолдағы апатты 2,7 пайызға азайттық. Апаттан жақынын жоғалтпаған адам мені түсінбеуі мүмкін.

Осылай деп жылдамдық мәселесіне нүкте қойғандай болған әкім денсаулық сақтау, білім, тұрғындарды әлеуметтік қорғау және тағы басқа салалар бойынша ауқымды жұмыстардың жүргізіліп жатқанын баяндады. Үш сағатқа созылған жиында бас-аяғы жиырмаға жуық адам сұрақ қойса, қалғандарына кезек жетпей қалды. Бірақ сауалымды оқи алмадым деп ашуланған ешкімді байқамадық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.