{metadescription}
Көкшетау тұрғыны 40-қа толғанша құжат ала алмай сандалып жүр
Көкшетау тұрғыны 40-қа толғанша құжат ала алмай сандалып жүр

Көкшетау тұрғыны 40-қа толғанша құжат ала алмай сандалып жүр

Атамекенге 28 жыл бұрын оралған жігіт бүгінде әйелі мен баласын өз атына жаза алар емес. Алғашқыда Солтүстік Қазақстандағы Ақжар ауданында тұрып, облыстық көші-қон полициясының табалдырығына дейін тоздырған ол, енді барар жер басар тауым қалмады деп отыр. 

1992 жылы 10 баламен Монғолиядан ата жұртқа қоныс аударған Ыдырыш ақсақалдың ең кенжесі осы-Рахметхан екен. Бауырларының барлығы кәмелет жасқа толысымен төлқұжаттарын алып, толыққанды Қазақстан азаматтары атанып кете барған. Бірақ, Рахметхан үшін жеке төлқұжатқа ие болу қияметке айналыпты. 2005-ші жылдан бері жинамаған қағазым жоқ, - дейді ол.

Рахметхан осыдан 10 жыл бұрын үйленіп өз алдына отау тіккен. Өмірге Аян атты ұлы да келіпті. Бірақ, заңды некеге отыру күні бүгінге дейін мүмкін болмай отыр. Көші-қон полициясына талай жыл анықтама қағаз жинаумен келеді екен. «Құжаттарымды бірнеше рет  жоғалтып жіберді. Өстіп жүріп 40-қа да келдім», - дейді ашынған жігіт.

Рахметхан Ыдырыш, Көкшетау қаласының тұрғыны: 

- Не істеймін енді төлқұжат ала алмай жүрсем. Бермейді. Жинаймын апарам, жоғалтып тастайды. Басқа адам тұрады орнында. Астана ға дейін бардым. Қатын баламды да атыма түсіре алмай жүрмін, міне. Төлқұжат жоқ.

28 жылда Рахметханға  жеке басын дәлелдейтін «азаматтығы жоқ тұлға» деген деген уақытша куәлік те берілмеген. Ата-анасына еріп шекара асқанда ол небәрі 12 жаста болған. Тіпті осы уақыт ішінде Қазақстаннан аттап шықпапты. Ал отбасы үшін бұл жағдай  тіпті қиынға соғып тұр. Әйелі жалғыз басты ана, баласы әкесіз ұрпақ болып жүр әзірге. 

Меруерт Көкетай, әйелі:

- Неке куәлігі де жоқ. Мысалы бала мептепке барады. Менің әкемнің атында мына бала. Өзі ұялады мектепте достарынан. Бармаған жеріміз жоқ. 

Сәбит Жүсіпов, СҚО ПД көші-қон қызметінің инспекторы: 

- Бұл азаматтың туу туралы куәлігінде ұлты қазақ екені дәлелденіп отыр. Қолдан келгенше құжаттануға көмегімізді көрсетеміз.

Көші-қон қызметі атажұртын аңсап келген азаматтың ұлты қазақ екенін 28 жылдан бері дәлелдей алмай жүр. Ал ол болса, осы уақытқа дейін ешбір құжатсыз-ақ ұрлық, зорлық жасағаны үшін 4 рет сотталып үлгеріпті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде