{metadescription}
Шоқан Уәлиханов туралы тың деректер енді кез келген адам үшін қол жетімді
Шоқан Уәлиханов туралы тың деректер енді кез келген адам үшін қол жетімді

Шоқан Уәлиханов туралы тың деректер енді кез келген адам үшін қол жетімді

Ол өз заманының феномені. Отыз-ақ  жыл өмір сүріп артына өшпес мұра қалдырған көрнекті тұлға Шоқан Уәлиханов туралы тың деректер енді кез келген адам үшін қол жетімді. КТК телеарнасы, Strana Media Team студиясы және Kaspi.kz назарларыңызға мультимедиялық портал ұсынады.

Shoqan.kz деп аталатын сайттан ғалымның еңбектері, хаттары және ол туралы жазылған әдебиеттерді таба аласыздар. Тіпті бұған дейін еш жерде жарияланбаған құжаттармен де смартфон арқылы танысуға мүмкіндік туды. Ал ең бастысы жуырда онда Шоқан Уәлиханов туралы деректі фильмнің жарияланбақшы.

Бұл Солтүстік Қазақстандағы Сырымбет ордасы. Аты әлемге мәшһүр қазақтың  дара тұлғасының ұлы жолы дәл осы мекеннен басталған. Төрт жасында әріп таныған Шоқанның білімге құштарлығын оятқан әжесі Айғаным мен әкесі Шыңғыс сұлтан. Ұлының ауыл-аймақта дұрыс білім ала алмайтынын түсінген әкесі 12 жасында оны Омбыдағы Сібір кадет корпусына оқуға түсіреді. Ал 16 жыл өткен соң оның орыс тілінді жазылған еңбектеріне Ресейдің географиялық қоғамындағылар таңдай қақтырды.  

Шоқан Уәлихановқа қатысты деректердің бәрі енді бір жерге топтастырылған. Бұдан былай кітапхана шарлаудың керегі жоқ. Көптеген еңбектері сканерден өткізіліп алғаш рет сайтқа жүктелді.  Shoqan.kz ғалым туралы  тұңғыш және әзірге жалғыз сандық партал. Шоқан Орта Азияны зерттеп әлемге таныстырған тарихшы, этнограф.  Алайда оның еңбектерін зерттеп ашу қазіргі ғалымдар үшін оңайға соқпауда.

Уәлихан Құлбаев, Ш. Уәлиханов атындағы тарихи-этнографиялық музейінің директоры:

- Біздің өңірді зерттеу үшін көптеген топогрофтар, суретшілер келетін: Шоқан үнемі соларды айналсоқтап, бүкіл мағлұматты бойына сіңірді. Үнемі жүрелеп отыратын. Қазақтар ондайды шоқиып отыр дейді. Сондықтан оны Айғаным әжесі Шоқаным деп еркелетті. Қазір бүкіл әлем оны Шоқан Уәлиханов деп біледі.

Жаңа сайттан Шоқан Уалиханов туралы деректі фильмді көруге болады. Онда ғалымның жүріп өткен жолы: ОМБЫ, Ыстық-Көл, Қашқар, Петербордағы саяхаты. Және жиырма жастағы қазақ жігітінің  қалай  Ресей делегациясын бастап Қытайға барғаны, ешбір адамның жүрегі дауаламайтын, ғалымдар үшін жолы жабық мекенге құпия еніп, 28 жасында жағрафия, тарих, мәдениет, этнографиядан  5 томдық еңбек жазып, ал 29 жасында құйрықты жұлдыздай ағып өткен ғалым туралы  айтылады.

Валентин Захаров, атқарушы продюсер:

Бұндай жобалар жоқ неп сеніммен айта алам. Бір жерге бәрі шоғырланған. Видео да, мәтін де, өміріндегі қызықты деректер де бәрі бар. Біз жан-жақтан жинадық. Адам осы парталға кіріп Шоқан Әулихановтың өмірімен 100 пайыз таныса алады.

Жобаны жасауға қолдау білдірген Каспи.кз. Компания болашақтың технологиясын жасап қана қоймай, тарихты да танытуға өз үлесін қосуда.

Наталья Фазылжанова, продюсер:

Мен бұл порталдың өз аудиториясын табарына сенемін. Себебі бұл сайтты құрастыру үшін біздің топ үлкен жұмыстар атқарды.

Оның өмірі құпияға толы. Өлімі де. Бүкіл Еуропаны аузына қаратып, отыз ға толмастан дүние салды. Алайда қысқа ғана ғұмырында артына өшпес мұра қалдырды... «Шоқан Уәлиханов» деректі фильмінің  сенбі күні сағат сегізде арнамыздан тамашалаңыздар. Ал Shoqan.kz мультмедиалық порталынан қазір-ақ қосып, көруіңізге мүмкіндік бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде