Кіші Алматы шатқалы қардан тазартылды
Ол үшін тау бөктерінде қолдан қар көшкіні ұйымдастырылды.
Автор: Әсем Қабылбек
22.02.2019
Осылай тау бөктеріндегі қарды түсіру жұмыстары Іле Алатауы бөктерінде 17-ші рет жүргізіліп отыр. Кіші Алматы шатқалына ерекше назар аударудың бірнеше себебі бар. Таудың етегінде Шымбұлақ тау-шаңғы курорты мен Медеу мұз айдыны орналасқан. Халық нөпірі көп. Ал, мұндағы жауған қардың биіктігі 1 метрге жуық. Мамандардың айтуынша, қарды тазалау жұмыстары жүргізілгенмен көшкін қаупі сейілген жоқ. Сақтықта қорлық жоқ. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтарына рұқсат етілмеген және арнайы белгіленген орындарда ғана сырғанап, серуендеуге кеңес береді. Жалпы Алматыдағы таулы аймақта қар көшкіні жиі болатын қауіпті 156 учаске бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!