{metadescription}
Алматыда бүтін бір отбасы ыстан уланып ажал құша жаздады
Алматыда бүтін бір отбасы ыстан уланып ажал құша жаздады

Алматыда бүтін бір отбасы ыстан уланып ажал құша жаздады

Ауруханаға түскен бес баланың біреуі - мектеп жасында болса, қалғаны шиеттей бүлдіршіндер. Арасында тіпті өмірге жаңа келген сәби де бар. Бір түнде әйелі мен бала-шағасынан айырыла жаздаған отағасы болған жайттан есеңгіреп қалған. Айтуынша, пешті жаңа босанған жары мен нәрестесі жаурап қалмасын деп түнде жағулы қалдырған екен.

Ал оқиға міне мына үйде болған. Иіс тиген балалардың арасы небәрі 1-2 жастан екен. Үлкені алтыда, одан кейінгісі төртте, үште, екіде. Ал ең кішісінің туылғанына 11 күн енді болған.

Бір түнде отбасынан айырыла жаздаған Саттар Қаппар ішке кіруге батпай далада жүр. Айтуынша, пеші бар бөлмеге әйелі, 3 ұлы мен қызы, сондай-ақ Шымкенттен қыдырып келген келіні мен оның 4 жастағы баласы жатыпты. Ал өзі мен інісі көрші бөлмеге жайғасқан. Аядай үйді паналаған жас отбасы кеше ғана перзентханадан тағы бір сәбиін әкеліпті.

Саттар Қаппаров:

Сол таңғы сағат алтыларда кірсем барлығы тұншығып, ауыздарынан көпірік ағып жатыр екен. Сол қайта үлгеріп, бергі бөлмеге шығардық.

Бүлдіршін жағымсыз иістен жылап оянған. Баланың ащы даусынан анасы да оянып кетіп, дереу көмек шақырған. Кейін белгілі болғандай, кіреберісте тұрған пештің есігі ашық қалған екен.     

Саттар Қаппаров:

- Балалар ойнап жүріп, есігін ашып тастаған. Біз азанда байқадық оны. Он күн бұрын кішкентай нәресте өмірге келіп еді. Соны әкеліп өзіміз, шаршап жатып қалдық. Қазір әртүрлі көмір бар ғой. Біреулер жанады, біреулер жанбайды. Қаптап аламыз көмірді. Содан болды деп ойлап отырмыз.

Отағасының пештің бықсуын көмірден көруі бекер емес. Айтуынша, күні кеше ғана мұржаны тазалаған. Періштесі қағып, аман қалған балақайлардың беті әрең дегенде бері қарады.     

Дінмұхамед Рузуддинов, Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігер орынбасары:

- Жедел түрде көмек көрсетіліп, тамырларына дәрі-дәрмек жібердік. Қазір жағдайлары жақсы. Сөйлеп жатыр, тамақтарын ішіп жатыр.

Осылайша, Астанадағы жантүршігерлік жайт Алматыда да қайталана жаздады. Бұл жолы да оқиға уақытша баспанада болған. Небәрі өткен аптада ғана Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин азаматтардың қауіпсіздігі үшін мұндай лашықтардан адам тұрмау керектігін айтқан. Алайда, жас отбасылардың қауқары мен министрлердің қалауы бір арнадан шықпай тұр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.