Премьерді жерге қаратқан кім? Командасы ма, әлде өзінің жұмсақтығы ма?
Ал экс-премьер Бақытжан Сағынтаевқа әлі жаңа қызмет бұйыра қоймады. Министрлер кабинетін екі жарым жыл басқарған Сағынтаевтың осы басшылық қызметі немен есте қалды? Жалпы, ол қандай премьер-министр болған еді?
Автор: Жәудір Оразхан
22.02.2019
Қазақстан тарихында бұрын-соңды Үкімет міндетін атқара алмады деген себеппен таратылған емес. Министрлер кабинеті алғаш рет осындай жағдаймен кетіп отыр. Онда да өздері емес, Президенттің пәрменімен. Негізі, Елбасының бұл Үкіметке көңілі толмай жүргенін бір ай бұрын өткізілген жиыннан-ақ байқауға болады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Вы просто трусы, а не правительство и не министры. Руки, колени дрожат, чтобы принимать решение. Для чего тогда работаете? Отчистите мне все банки, буду считать, что честно выполнило свой долг это правительство и уйдите с этим в отставку.
Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы ескертуі екен. Президент осы жолы ешкімді жинамады. Арнайы мәлімдеме жасады. «Министрлер мен әкімдер мемлекеттік бағдарламаларды игере алмады, жұмыссыз, үйсіз жүргендердің саны азаймаған, бизнес тұралап тұр», - деді. Елбасы халықтың әл-ауқатын жақсартуды бірнеше рет тапсырғанын айтты. Бірақ солар жеткілікті деңгейде орындалмаған. Осыдан кейін Үкімет таратылды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Правительству совместно с Национальным банком так и не удалось в полной мере создать реальные стимулы и инструменты для качественного роста экономики.
Ал премьерді жерге қаратқан кім? Командасы ма, әлде өзінің жұмсақтығы ма? Ол үкімет басшысы болғанда, ел ішінен талай дау шықты. Мәселен, салымшылар банкрот болған банктерден ақшасын ала алмай шулағанда, премьер Ұлттық банк тарапына батырып бір ауыз сөз айтпады. Ал Алматыда тал-түсте қарақшылар белгілі спортшы Денис Тенді пышақтап өлтіргенде, жұрт Ішкі істер министрінің отставкаға кетуін талап етіп тағы шулады. Сағынтаев сол кезде де үнсіз қалды. Экс-премьердің бар бар қатқыл айтқан сөзі мынау:
- 4,5 млрд қыркүйекке дейін орындаймыз.
- Қыркүйектің ішінде отырмыз ғой! Қалай қыркүйекке дейін?!
- Бүгін 11-қыркүйек. Кішкене өтірік айтқанда да дұрыстап айту керек қой өтірікті.
Ақыр аяғында көпбалалы аналардың тауқыметі үкіметтің ең осал тұсын көрсетті. Әйелдер көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтып, жәрдемақыны көтеруді талап етті. Сағынтаев бұл талаптарды да орындап үлгермеді. Соңында үкімет тарап тынды. Мынау – экс-премьердің министрлермен соңғы кездесуі. Қарамағындағыларды жинап, қоштасты. Кейін көптің алдына шығып, президентке ризашылығын білдірді.
Бақытжан Сағынтаев:
- Өткен екі жарым жыл бойы Үкімет тізгінін тапсырып, жоғары сенім білдіргені үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шынайы алғысымды білдіремін.
Бақытжан Сағынтаев еліміздің – оныншы премьер-министрі. Ол 2016 жылы қазіргі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің орнына тағайындалған еді. Сағынтаевтың енді қандай қызметке тағайындалатыны әзірге белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!