«7-20-25» бағдарламасымен үй алғысы келетіндердің ай сайын қанша төлейтіні белгілі болды
Қызығушылық көп тудырып жатқандықтан, жауапты компания әрбір шаршы метрдің ақысын есептеп шығарыпты.
Автор: Аруна Ортай
25.02.2019
Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында бір бөлмелі пәтер - 37 317 теңге, екі бөлмелі 50 888 теңге, ал үш бөлмелі пәтер айына 66 154 теңгеге айналады екен. Ал басқа қалаларда шамамен 8 мың теңгеге арзанырақ. Атап айтқанда, бір бөлмелі 29 400, екі бөлмелі 39 579, ал үш бөлмелі пәтердің құны айына 51 453 теңге. Ал енді осы соманы 25 жылға көбейтіп көрсек. Онда Астана, Алматы, Ақтау, Атырауда бір бөлмелі пәтердің құны 11 миллион 195 мың бір жүз теңге болады. Ал екі бөлмелі 15 миллион 200 мыңнан асады. Үш бөлмелісі 20 миллионға жетеді. Ал айына небәрі 29 400 теңгеге шығады деген пәтердің құны 9 миллионға, 30 күндік төлемі 39 мың теңгенің пәтері болса, 12 миллионға жуық. 51 мың теңгенің пәтері 15 миллионнан асып жығылады. Алдын ала берілетін 20 пайыз төлемді есептемегенде осылай болады. Бұл - мемлекет қаржысы есебінен салынған баспаналардың арзан деп отырған ақысы. Десе де, ипотекалық компанияның өкілдері бұның ең тиімді ұсыныс екенін айтуда.
Айбар Олжай, «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ сыртқы коммуникациялар қызметі жетекшісі орынбасары:
- «7-20-25» бағдарламасының есебіне салып қарасақ, ай сайынғы төлем өте арзан шығады. Бұл өте тиімді былай айтқанда ұсыныс. Барлық азаматтар қатыса алады. Ең бастысы олардың атында үй болмау керек өтініш берген кезде. Сонымен бірге, ресми табысы болу керек және басқа ипотекалық қарызы болмау керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!