{metadescription}
Алматы облысында қару асынған қылмыстық топ құрықталды
Алматы облысында қару асынған қылмыстық топ құрықталды

Алматы облысында қару асынған қылмыстық топ құрықталды

Қарасай ауданын аяғынан тік тұрғызған олар ауыл дүкендеріне жүйелі түрде шабуыл жасап, тонап кетіп отырған.   

Полицейлер күдіктілерден айғат зат ретінде шолақ мылтық, қара түсті бетперде мен арнайы бөлімге арналған киім тәркіледі. Төрт адамнан тұратын қылмыстық топ кешкілік ауылдық жердегі дүкендерге тұтқиылдан тап беріп, бір күндік түскен ақшаны үптеп кетеді екен. Қазір олардың осы аймақтағы өзге де қылмысқа қатысы бар-жоқтығы анықталып жатыр.

Серік Үпиев, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

- Күдіктілердің қазіргі уақытта 7 қылмысқа қатысы бары дәлелденді. Күдіктілерден тәркіленген шолақ мылтық сараптамаға жіберілді. Келтірілген материалдық шығын шамамен 500 мың теңгені құрайды. Соттың санкциясына сәйкес уақытша ұстау изоляторына екі күдікті қамаққа алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде