{metadescription}
Павлодарда жарты жыл бұрын тағайындалған шенеунік парамен ұсталды
Павлодарда жарты жыл бұрын тағайындалған шенеунік парамен ұсталды

Павлодарда жарты жыл бұрын тағайындалған шенеунік парамен ұсталды

Басынан дау арылмаған мекеме! Павлодар облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Қуат Белгібаев пен бөлім басшысы Мұрат Жанғазин 200 мың доллар пара алды деген күдікпен ұсталды. 

Оларға «алдын ала сөз байласып ақша бопсалады» деген айып тағылған. Бұлар  банкротқа ұшырағалы тұрған өңірдегі кәсіпорынның бірінен ауызбастырық алған делінуде. Бұл баппен жауапқа тартылғандар қомақты айыппұл төлейді немесе 7-ден 12 жылға дейін түрмеге жабылу ықтимал. Айта кетейік, бұған дейін осы департаменттің бұрынғы басшысы Ернұр Байғұрманов та тұтқындалған еді. Ол екібастұздық бизнесменнің төленбеген салығын жабу үшін одан 100 мың доллар талап еткен. Ал енді жарты жылдан соң оның орнына келген басшы да шатылып жатыр.

Маржан Құрманғалиева, Павлодар облыстық соты баспасөз бөлімінің маманы:

- Қылмыстық қудалау органының өтініш хаты бойынша, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының уақытша міндетін атқарушы Белгібаевқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау, сонымен қатар басқарма басшысы Жанғазинға қатысты екі ай мерзімге үй қамаққа алу санкцияланды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде