{metadescription}
0:000:00
«Мәселені шешеміз»: Жаңадан тағайындалған министрлер адал қызмет етуге ант етті

«Мәселені шешеміз»: Жаңадан тағайындалған министрлер адал қызмет етуге ант етті

Жұмысына кіріскен жаңа үкімет мүшелері мәселенің бәрін шешеміз деп отыр. Ұлттық экономика министрі коммуналдық қызмет құнын бақылауда ұстайтынын айтып, тіпті өзінің түбіртегін отырысқа ала келген. Бүгін Асқар Мәмин премьер-министр ретінде алғаш рет жиын өткізді. Үкіметке жаңадан келген министрлерден салтанатты түрде ант қабылдаған премьер қол астындағыларға көп сөзден  нақты іске көшуді талап етті.

Бірақ жаңадан жасақталған министрлер кабинетінің алғашқы жиыны небары бірнеше  минутқа созылды.

Жаңадан тағайындалған министрлер бүгін Үкімет отырысына ертерек шақыртылған. Өйткені, олар жұмысына кіріспес бұрын ант қабылдайтындықтан, әр қимылын қайталап, протоколмен жіті танысып жүр.

Ал Ішкі Істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өзінің ескі құрамнан екенін айтып әзілдеп қояды.

- Мен жаңа емес, бұрынғы құрамнанмын.

Ішке бірінші орынбасарын ертіп, премьер-министрдің кіргені сол еді, сапырылыс  сап тыйылды. Тым байыпты Асқар Мәмин алдымен, Үкіметтің ескі де жаңа  мүшелерін жеке-жеке тұрғызып, түгендеп шықты. Кейін Білім министрі Күләш Шәмшідинова, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтен, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдан ант қабылдады.

- Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің әлемдік қауымдастық алдындағы беделін нығайтуға, ант етемін, ант беремін.

Енді үкімет сөзден гөрі нақты іске көшуі керек. Бұл - 53 жастағы премьердің жиын барысында берген алғашқы тапсырмасы. Өйткені шаруа шаш етектен. 

Асқар Мәмин, ҚР премьер-министрі:

Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуының жаңа сапалы деңгейін шығару, халықтың табысы мен тұрмысы деңгейін арттыру, тиімді жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша бірінші кезектегі міндеттерді қойып отыр. Осы нақты шаралардың нәтижесінде алықтың әл-ауқатын арттыра аламыз.

Сондықтан небәрі 7 минутқа созылған Үкімет отырысынан соң, министрлер дереу жұмыс кабинеттеріне асықты. Мәселен, жаңадан тағайындалған Күләш Шәмшідинова тілшілерден әзірге сұрақ қоймауын өтінді.

Күләш Шәмшідинова, Білім және ғылым министрі:

- Ең бірінші жұмысымызды бастайық. Содан кейін істің барысында сұрақтарыңызға мен жауап беруге дайын боламын.

Ал, 44 жастағы Ұлттық экономика министрі жұмысына білек сыбана кірісіп кеткен. Бұған дейін экс-министр Тимур Сүлейменовтің бірінші орынбасары болған Руслан Дәленов бюджеттің әр тиынын үнемдеп, түсімді арттырамын дейді. Әрі коммуналдық тариф ақысының арзандауын қатаң бақылауда ұстауға уәде берді. Үйінен түбіртегін ала келген шенеунік жылу мен жарық бағасының төмендегенін айтады.

Руслан Дәленов, Ұлттық экономика министрі:

- Кеше поштамнан түбіртекті алып, осында алып келдім. Қарасаңыздар, коммуналдық шығындардың азайғанын аңғаруға болады. Мәселен, жарық үшін 15 теңге болған тариф 13 теңгеге түскен. Яғни, арзандау 10 пайыз. Жылудың бағасы да төмендеген.

Ал, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған Бердібек Сапарбаев бүгінгі жиынға қатысқан жоқ. Ақтөбе облысының экс-әкімі, еліміздің батысынан Астанаға қоныс аударып үлгермепті.

Осылайша, 11-інші рет жасақталған Үкіметтің құрамына жаңадан 5 министр мен 3 вице-премьер қосылды. Олардың орташа жасы 50-де. Ең жасы 39-да. Ең үлкені 66 жастағы Бердібек Сапарбаев. Енді ол вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықовамен бірге жалақы, жәрдемақы сияқты әлеуметтік мәселелермен айналысады. Әрі бұрынғы Үкіметтің көп балалы аналарды баспанамен қамтуға арналған бағдарламасын аяқтауы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.