Халыққа бір күн тегін ем-дом көрсетті
Алматыда Президент Іс басқармасының Орталық клиникалық ауруханасы халыққа бір күн тегін ем-дом көрсетті. Дәрігерлер қала тұрғындарын қабылдап, пайдалы кеңес берді.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
27.02.2019
Орталықтың білікті мамандары 5 сағаттың ішінде 500-ге жуық адамға аурудан айығудың жолын көрсетті. Әсіресе, халық қант құрамындағы холестеринді анықтау және ультрадыбыстық зерттеуден өтуге асықты. Емханаға келушілердің дені окулист пен эндокринологқа мұқтаж екен. Ақ халаттыларды соңғы кезде халықтың денсаулыққа жүрдім-бардым қарамайтыны қуантты.
Әлия Адаева, «Орталық клиникалық аурухана» АҚ Медициналық қызмет көрсету орталығы басшысының орынбасары:
- 25 маман түрлі кеңес беруде. Бізде мұндай акциялары жылына екі-үш рет өткізіледі. Бізге биыл 90 жыл. Мерейтойға орай, тағы да шаралар өткізіледі. Халық қайта келсек бола ма, деп жатыр. Әрине, біздің есігіміз әрдайым ашық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!