{metadescription}
0:000:00
Көкшетау тұрғыны қызын сабағаны үшін істі болып жатыр

Көкшетау тұрғыны қызын сабағаны үшін істі болып жатыр

Анасынан таяқ жеген! Көкшетауда 32 жастағы әйел 8 жасар баласын көкала қойдай етіп сабап келген көрінеді. Денесінде сау жері жоқ 3-ші сынып оқушысы анасынан көрген қорлығын ешкімге тіс жарып айтпапты. Оның үстіне оқушы бала тумысынан мүгедек екен. Дәрігерлер демікпе ауруына шалдыққан оған 16 жасқа дейін мүгедектік тағайындапты. Ювеналдық  полиция  қазір бұл істі тергеп-тексеріп жатыр.

Күнделікті анасынан «жеген таяғына», дімкәс денсаулығына қарамастан  ол сабағынан қалмайды. Қатарластарымен бірге ойнап, мұғалім тапсырмасын да мүлтіксіз орындайды екен. Оның бұған дейін де бет-аузы көгеріп келгенін ұстаздары байқаған. Бірақ ойын баласында кездесетін жағдай деп ойлапты. Ал осы жолы баланың ерні жырылып, соққы кезінде тісі де сынып кетсе керек.

Оны да мектептегі ұстазы байқап қалған. Алдындағы оқушысының дұрыс сөйлей алмай тұрғанын көрген сынып жетекшісі, баланың жағдайына бірден назар аударған. Сөйтіп, дабыл қағуына тура келген.

Сара Мейрамова, сынып жетекшісі:

- Осыны көре тұра үнсіз қала алмадым. Мектеп инспекторы мен мейірбекеге апарып денесін көргенде шошып кеттік. Сау жері жоқ әбден көгерген. Алғашқыда бала құлап қалдым деді. Кейіннен анасының ұрғанын айтты. Масқара ғой, балақайдың денесінде жазылып келе жатқан бұрынғы жарақат іздері де бар.

Оқушы былтырға дейін басқа мектепте оқыған. Мына сұмдықтан кейін ювеналдық полиция тексергенде бұған дейін де балаға анасының талай қол көтергенін анықтапты. Арнайы комиссия құрылып, баланы анасынан тартып алу жөнінде шешімге келген. Алайда келіншек 4 баласынан тірісінде айырылмақ емес. Оның екеуі – мүгедек.

Сәния Ахметжанова, Көкшетау қаласының тұрғыны:

Мені өлтіріп қана балаларымды ала алады. Бермеймін ешкімге! Ұлым мынау керуеттен құлаған. Бір рет тіл алмағанда ұрдым. Әйтпесе, ұрмаймын. Балаларым қаңғырып көшеде қайыр сұрап жүрген жоқ. Нанымыз болмай қалса да, өзіміз тауып жейміз. Ешкімнен ештеңе сұрап жатқаным жоқ. 

Сәнияның өзі балабақшада аспаз болып істеген. Қазір үйінде 2 жасар мүгедек ұлына қарап отыр. Полиция бұл әйелге қатысты «кәмелетке жасы толмағанды ұрып-соғу»  бабымен қылмыстық іс қозғаған. 4 балалы әйелдің кінәсі дәлелденсе, 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде