Делиден Алматыға жетуі тиіс ұшақтар кешігіп жатыр
Алматы-Дели-Алматы бағытында бүгін және ертең ұшатын әуе рейстері кейінге шегеріліп жатыр. Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, оған Пәкістанның әуе кеңістігін жауып тастауы себеп.
Автор: Мақсат Мәлік
27.02.2019
Бүгін Пәкістан тарапы әуе кеңістігін басып кірді деп Үндістан әскери әуе күшінің екі ұшағын атып түсірді. Ал, кеше Үндістан екі ел арасындағы даулы аймақ саналатын Кашмирге әуеден соққы жасаған еді. Жанжалдың кесірі халықаралық рейстерге кедергісін келтіріп тұр. Алайда, «Эйр Астана» компаниясы бүгін Делиден Алматыға жетуі тиіс әуе кемесі ертең ұшып шығатынын айтады. Бірақ, Пәкістан әуе кеңістігін айналып өтетін балама бағыт қарастырылып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!