Әр балаға 21 мың: Бұл жәрдемақы кімге бұйырады?
Бүгін Президент осы Тараздағы газ жарылысынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Елбасы «Нұр Отан» партиясының 18-ші съезінде мұндай жағдай үшін жауапкершілік жергілікті биліктің, мойнында екенін екенін жеткізді. Сонымен қатар, әркімнің өз жанұясы үшін жауапты екенін атап өтті. Ал жиынның ең басты жаңалығы - көпбалалы отбасындағы әр перзентке 21 мың теңгеден жәрдемақы төленетіні.
Автор: Досжан Маратұлы
27.02.2019
Бұл үшін қазынадан алдағы 3 жылда 300 миллиард теңге бөлінеді. Әрі аз қамтылған шаңырақтарға жалдамалы пәтер салынып, бюджеттік қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға артады. Елбасы Үкіметке осындай тапсырма берді.
Күллі елдің назары бүгін Елордадағы Тәуелсіздік сарайына ауды. Өйткені «Нұр Отан»-ның құрылтайынан бөлек Елбасы әлеуметтік салаға қатысты жаңалықты осы жерде жариялайтынын алдын-ала хабарлап қойған еді. Еліміздің саяси элитасы, билік партиясының жақтаушылары мен қарапайым халық президент мәлімдемесін асыға күткені де содан.
- «Нұр Отан» партиясының төрағасы – Нұрсұлтан Назарбаев.
Ал жиынға келген бойда Елбасы сөзінің басын әлеуметтік саладағы өзгерістен бастады. Енді бұдан былай көп балалы отбасындағы әр перзентке 21 мың теңгеден жәрдемақы төленеді. Бұған дейін барлық балаға 10 мың төленіп келгенін ескерсек, жәрдемақы көлемі әжептәуір өсіп отыр.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Установить минимальную выплату на каждого ребенка в многодетных семьях в сумме 21 тысячи тенге. При этом все процедуры назначения соцпомощи максимально упростить, чтобы они не бегали за ней по разным кабинетам.
Айтпақшы, Үкімет басшысының бірінші орынбасары Әлихан Смайылов бүгін 4 перзенті барлардың көп балалы отбасыға жататынын хабарлады. Елімізде мұндай 340 мыңнан астам жанұя бар. Жәрдемақы олардың барлығына бірдей бұйырмайды. Отбасының табысы мен тұрмыс жағдайы ескерілмек. Сол үшін жәрдемақыны бірінші кезекте аз қамтылған көпбалалы шаңырақтың ұл-қыздары алады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Тут надо считать, какие-то семьи имеют хорошие доходы, а есть семьи с низкими доходами, когда мы будем оказывать помощь, это надо учитывать. Зачем миллионерам еще дополнительно давать от государства социальную поддержку?
Сондай-ақ, мүгедек ұл-қыздарды асырап отырған ата-ана мен күтушілердің ақшасы да 30 пайызға өседі. Жәрдемақыны көбейту үшін бюджеттен қосымша 300 миллиард теңге бөлінеді. Президент, сонымен қатар, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға жалдамалы баспана салуға пәрмен берді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Поручаю правительству построить в рамках программы «Нурлы жер» более 40 тысяч арендных квартир преимущественно для малобеспеченных семей из числа многодетных. На данные цели в ближайшие семь лет будет выделено дополнительно 50 миллиардов тенге ежегодно.
Пәтерді жалдауға ғана емес, сатып алуға да үлкен мүмкіндік бар. Өйткені, мемлекет басшысы жоқ-жітік көп балалы жанұяларға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы 1-2 пайызбен ипотека беру керектігін айтты. Әрі бюджеттік қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға өсетінін хабарлап, оларды да қуантып қойды.
Ал ауқымды шаруаны іске асыру үшін қазына мен Ұлттық қордан 3 триллионнан астам қаржы бөлінбек. Бұл республикалық бюджет шығындарының 45 пайызын құрайды. Елбасы осы триллиондардың әрбір тиыны халыққа жетуін жеке өзі қатаң бақылауда ұстайтынын ескертті. Ал маңызды тапсырмалар облыс, аудан мен ауылдарда қалай іске асатынын талқылау үшін ертең Үкімет арнайы жиын өткізбек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!