{metadescription}
Павлодарда емшіге алданған отбасы Бас прокуратурадан көмек сұрады
Павлодарда емшіге алданған отбасы Бас прокуратурадан көмек сұрады

Павлодарда емшіге алданған отбасы Бас прокуратурадан көмек сұрады

Айтжамал Қуанышбаеваның айтуынша, кенет сырқаттанып қалған қызына медицина мамандары диагноз қоя алмағандықтан, ол тәуіпке жүгінуді жөн санапты. Сөйтіп, ресейлік емшіні іздеп тапқан отбасы оған алдын-ала 1 миллион 200 мың теңгені жолдаған. Ал мүгедек әйелді аяққа тұрғызамын деп сендірген емшінің өзі кейін  ұшты-күйлі жоғалыпты. Үш жыл уақыт өткенімен, оны табу мүмкін болмай тұр.

Айтжамал Қуанышбаеваның қызы – Айсұлу бет-жүзі қисайып, денесінің оң жақ сіңірлері тартылып қалуына байланысты өзі қозғала алмайды. Ал 39 жастағы әйелді екінші топтағы мүгедектердің қатарына қосқан дәрігерлер оған ақыры диагноз қоя алмапты. 

Айтжамал Қуанышбаева, Екібастұз қаласының тұрғыны:

- Астанадағы нейрохирургиялық орталыққа апардық. Қомақты ақшаны төледік, дәрігерлер диагнозды тауып, аурудың себебін анықтаймыз деген. Бірақ көмектесе алмады.

Отандық ақхалаттылардан үміт үзген әйелдің туыстары оны бақсы-тәуіптерге қаратуды жөн санапты. Ақыры теледидардағы жарнаманы көріп, ресейлік емшімен хабарласқан. Мүгедек келіншекті аяққа тұрғызамын деп сендірген тәуіп әйел «сиқырлы емнің» құны қымбат екенін, сондықтан ақыны кешікпей жіберуді ескертіпті. 

Айтжамал Қуанышбаева, Екібастұз қаласының тұрғыны:

Ақшаны тез арада салмасаңыз қызыңыз өліп қалуы мүмкін деп қорқытты. Тіпті, кейін бұл дерт тұқым қуалайтын ауру болады, сіздерді дуалап тастайды деді. Бұл сөздерден соң немерем үшін де, қызым үшін де қорқа бастадым.

Ресейлік тәуіптің сөзіне сенген зейнеткер, оған сегіз ай ішінде 1 миллион  200 мың теңге ақша жолдағанын айтады. Бірақ Айсұлуға сол күйі ем жасалмаған. Ал мүлдем хабарсыз кетіп, ұшты-күйлі жоғалған емшінің ізіне енді полицейлер түсе алар емес.

Жанна Біләлова, Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

- Бүгінгі таңда бұл жайтқа қатысы бар деген күдіктілерге іздеу жарияланған. Бұған қоса, ратификацияланған шартқа сәйкес Ресей Федерациясына заңдық көмек көрсетілуі үшін халықаралық өтініш жолданды. Әзірге ол жақтан еш жауап жоқ.

Үш жыл бұрын болған бұл оқиғаға қатысты бақсының өзі түгілі, зейнеткермен жиі байланыста болған оның көмекшілері де ұшты-күйлі жоғалған. Хабарласқан нөмірлері, шоттары да түгел жойылған көрінеді. Әбден сандалған отбасы енді мүгедек әйелді елде емдету үшін ақша таба алмай отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

12 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде