{metadescription}
Елбасы Алғыс айту күнімен құттықтады
Елбасы Алғыс айту күнімен құттықтады

Елбасы Алғыс айту күнімен құттықтады

Бүгін елімізде Алғыс айту күні! Көктеммен бірге келетін мерекеде түрлі этностар бір-біріне және қазақ халқына алғыс айтады. Өйткені кезінде тағдыр тәлкегімен Қазақстанға жер ауып келген түрлі ұлт өкілдерін біздің ата-бабаларымыз құшақ жая қарсы алып, басқа түскен қиыншылықтарын бірге көтере білді. Тіпті, өзі аш отырса да, өзгелерге бір үзім нанын бөліп, ешкімді өзектен тепкен жоқ.

Ел азаматтарын айтулы мерекемен бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Алғыс айту күні – ортақ тарихымызға көрсетілген құрмет. Бұл мереке қиын-қыстау жылдары қазақ халқының көрсеткен қамқорлығы мен мейірімділігінің ұмытылмайтынын білдіреді. Ынтымақтастық пен өзара көмек сияқты берік құндылықтар біріктіруші күшке айналып, еліміздің болашағына деген нық сенім мен жауапкершілік сезімін қалыптастырады. Әр отбасыға бақ-береке, елімізге татулық пен тыныштық тілеймін!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде