{metadescription}
Америкадан көлік алдыртамын деп алданып қалғандар шу шығарды
Америкадан көлік алдыртамын деп алданып қалғандар шу шығарды

Америкадан көлік алдыртамын деп алданып қалғандар шу шығарды

Жұрттан 78 млн теңгені санап алып, сан соқтырып кеткен Қайрат Қожамжаровқа халықаралық іздеу жарияланған. Алайда ол он жылдан бері ұстатпай жүр. 

2009 жылы мына жерде «Экспресс моторз» компаниясының кеңсесі болатын. Қазір мұнда техникалық жөндеу орталығы тұр. Осында серіктестік басшысы Қайрат Қожамжаров автокөлік жеткізіп беремін деп клиенттермен келісім-шартқа отырады. Солардың бірі - Александр Гришков. Қымбат көлік тізгіндеуді армандаған ол қазіргі темір тұлпарын банктен несиеге алыпты.

Александр Гришков, қала тұрғыны:

- «Экспресс моторз» компаниясы арқылы тапсырыс беріп, көлікті күттік. Директоры сол күйі Америкадан машинаны әкеп берген жоқ. Мың сылтау айтты да ғайып болды. Сол жолы көлікке тапсырыс бергенде банктен және таныстарымнан қарызға ақша алған едім.

Бір қызығы, келісімшарт жасағандардың барлығы көлікті көрмей жатып алдын-ала 100 пайыз төлем жасаған. АҚШ-тан көлік жеткізіп беремін деп елдің сеніміне кірген Қайрат Қожамжаров - Бішкектің тумасы. Зардап шеккен Әбдулқадыр Якупов 40 мың долларын даулап, арыз жазғанда бір рет ұсталған. Артынша бостандыққа жіберіліпті.

Әбдулқадыр Якупов, қала тұрғыны:

Өкінішке орай, компания келісім-шарттағы талапты орындамады. Кейін Қайрат Қожамжаровтан зардап шеккен өзге адамдарды іздестіріп, бәріміз арыз жаздық. Былтыр Бостандық аудандық прокуратурасына тағы арыз қалдырдым. Құзырлы органдар тергеу барысы туралы жақ ашпайды.

41 жастағы Қожамжаровтың үстінен 4 адам шағымданған. Жәбірленушілердің айтуларынша, жалпы сомасы 78 млн теңгені санап берген. Осыған қатысты 177 баптың 3 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, арыздар бір іске біріктірілген. Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

- Өте қомақты соманы қолды қылған азамат қазір іздеуде. Өйткені қылмыстық іс қозғалғанын біле тұра ол ішкі істер органдарынан тығылып құтылмақшы болған. Ол азамат ұсталған сәтте міндетті ттүрде ішкі істер органдарына жеткізіліп іс материалдары сотқа жіберіледі.

Тергеушілер Қайрат Қожамжаровтың елден қашқанын ескеріп, бұлтартпау шарасын бекітті. Яғни, қолға түссе бірден тұтқындайды. Ал, су жаңа автомашинаны 10 жыл күткен алматылықтар өздеріне тиесілі ақшаны қайтарудан басқа армандары жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.