{metadescription}
Павлодар тұрғындары сусыз қалды  
Павлодар тұрғындары сусыз қалды  

Павлодар тұрғындары сусыз қалды  

Павлодарда құбырдағы апат салдарынан бес бірдей көшенің тұрғындары сусыз қалды. Болжам бойынша, жарылған құбыр әбден ескірген көрінеді.

Апат салдарынан шаһардағы 20 көпқабатты үйдің тұрғындары бүгін сусыз отырды. Бес бірдей көшеде судың ажыратылуына байланысты бір мектеп пен екі балабақша да тіршілік нәрінсіз қалған. Таң атпай жолға жайылып үлгерген судың қайдан ағып жатқанын зорға анықтаған коммуналшылардың жұртқа ауыз суды тасып беруіне тура келді. Қайта көпқабатты үйлерде жылу ажыратылған жоқ.

Ермұрат Нұрханов, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары: 

- Диаметр бойынша апат орын алған аумақта магистральды құбырлар мен шағын аудандарға тартылған құбырлар да жатыр. Нақты себебін анықтап жатырмыз, жағдай бақылауымызда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.