{metadescription}
Астанада 21 мың теңге жәрдемақыны алуға асыққан аналар ұзын-сонар кезекте тұр
Астанада 21 мың теңге жәрдемақыны алуға асыққан аналар ұзын-сонар кезекте тұр

Астанада 21 мың теңге жәрдемақыны алуға асыққан аналар ұзын-сонар кезекте тұр

Көпбалалы отбасыларға 21 мың теңге жәрдемақы беріледі дегенді естіген астаналық ата-аналар жұмыспен қамту орталығына қарай ағылып жатыр. Уәде етілген жәрдемақы парламентте бекітілген соң, бұдан бұрын хабарланғандай, шілде айынан бастап беріледі. Соған қарамастан кейбір тұрғындар осы орталыққа кешеден келіп жүр екен.

Жақсы жаңалық құлаққа тиісімен, әйелдер 21 мың теңге жәрдемақыны тура бүгін алғысы келеді. Сондықтан бума-бума құжатын қолтыққа қыстырып, жұмыспен қамту орталығына ағылды. Алайда ақшаның қашан, қалай төленетінін түсінбей жүргендер де бар.

Қайрат Бекболат, Астана қаласының  тұрғыны:

- Мен кеше таңертең осы жерге келдім. Кезекке тұрдым. Түске дейін тұрдым. 1-де түскі астары басталады екен. Ақыры келмеді кезегім. Жұмыстан сұранып келгем. Күтіп, күтіп ақыры кетіп қалдым.

Жұмыспен қамту орталығының басшысы адамдардың сағаттап кезек күтуін  мамандардың жетіспеуімен түсіндірді. Тіпті шыдамсыз әйелдердің қоршауында қалған Абай Баймолдин бір мезетте осынша тұрғынның келетінін ойламадық дейді. Оның үстіне жәрдемақыны бүгін таратқалы жатқан ешкім жоқ. Оны әуелі  Парламент заңмен  бекітуі тиіс. Алайда үкіметтің ақшасын алуға асыққандар көпбалалы отбасы әрі жұмыссыз ретінде тіркеуге тұру үшін  жанталасып жатыр. 

- Қаншама біз қиналмыз жүрміз ғой. Тиын санап жүрміз. Әзер жеткізіп жатырмыз ғой балаларымызға. Оңай ма?!

Оңай емес екенін жауаптылар да жақсы түсінеді. Бірақ 21 мың теңге бәріне барлығына бірдей бұйырмайтыны тағы да айтылды. Алдымен 4 перзенті бар  шаңыраққа кіретін табыс көлемі есептеледі. Егер ортақ табыс отбасы мүшелерінің әрқайсысына 20 мың 789 теңгеден төмен болса, мемлекет уәделі көмекті көрсетеді. Ал шенеуніктер жұмыспен қамту орталығына ағылғандарды сабырға шақырумен әлек. Өйткені 21 мың жәрдемақы 5 айдан соң, яғни  шілде айынан ғана беріле бастайды.

Абай Баймолдин – «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры:

- Біздің Елбасының айтқан тапсырмасы шілде айында келеді. Сондықтани шілдеде шешіледі бұл мәселе. Ал, қазір біздің ескі ережелер бар. Сол ережелер бойынша келіп жатқан халықты әлеуметтік көмек бойынша қабылдаймыз.

Бүгінгі оқиғадан кейін жұмыспен қамту  орталығының  басшысы кеңесшілердің санын бірден 18-ге дейін көбейетінін  айтты. Ал көмектен үміттілер болса, әзірге құжат жинап, орталыққа өткізуден басқа амалы жоқ. Өйткені әлі нақты ереже бекімей жәрдемақы жыры бітпейді. Оның өзінде көпбалалы отбасылардың табысы сүзгіден өтіп, тексеріледі. Сондықтан шенеуніктер босқа шу шығармай, нақты шешімді күтуге кеңес берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.