Алексей Полторанин қамаудан босатылды
Австрияда тұтқындалған қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин қамаудан босатылды. Австриялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жерлесіміз қан допингін қолданғанын мойындаған. Полторанинмен бірге кінәлі екенін мойындаған өзге елдердің екі спортшысы да түрмеден шығарылыпты.
Автор: Мақсат Мәлік
01.03.2019
Мына бейнежазбада Алексеймен бірге ұсталған австриялық шаңғышы Макс Хаукенің қан допингін қабылдаған сәті бейнеленген. Қан допингі жарыста күш беру үшін алдын ала дайындалған өзінің қанын қайта өзіне құю дегенді білдіреді. Ал бостандыққа шыққан Алексейдің әлем чемпионатына әрі қарай қатысар-қатыспасы белгісіз. Себебі, ресми айыптау түспеді деген еліміздегі құзырлы органдардың өкілдері мән-жайды толық білмей отырғанын айтады. Естеріңізге салайық, әлем чемпионатына қатысып жатқан Алексей Полторанин екі күн бұрын жарысқа шығар алдында допинг ережесін бұзды деген күдікпен қамауға алынған еді. Ал, Австрия заңы бойынша допинг қолдану қылмыстық іс саналып, айыпты деп танылған адам 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!