Үш вице-премьер немен айналысады?
Премьер-министр Асқар Мәмин орынбасарларының әрқайсына жұмыстарын теңдей бөліп берді. Оған сай екі қызметті қатар алып жүрген бірінші вице-премьер Әлихан Смайылов қаржы саласына жауапты.
Автор: Досжан Маратұлы
04.03.2019
Әрі 46 жастағы шенеуніктің міндетіне кедендегі былықты реттеп, шағын және орта бизнесті дамыту кіреді. Ал тағы бір вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықова Үкіметте әлеуметтік салаға жауап береді. Сөйтіп, жәрдемақы мен жалақыны көтеруге қатысты Елбасының тапсырмасын орындап, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуы тиіс. Үшінші вице-премьер Жеңіс Қасымбек жол құрылысы, тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы саласына жауап береді. Ал премьер Асқар Мәминнің өзі министрлер мен әкімдердің жұмысын қадағалап қана қоймай, еліміз үшін маңызды стратегиялық шешімдер қабылдап, өзге мемлекеттермен қарым-қатынасты жандандыруы тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!