{metadescription}
Ақтөбелік дәрігерлер аяғынан айрылған жігіттің туыстарын іздеп жатыр
Ақтөбелік дәрігерлер аяғынан айрылған жігіттің туыстарын іздеп жатыр

Ақтөбелік дәрігерлер аяғынан айрылған жігіттің туыстарын іздеп жатыр

Ақтөбелік дәрігерлер аяғынан айрылған 30 жастағы жігіттің туыстары мен таныстарына іздеу салып жатыр. Науқастың облыстық жедел жәрдем ауруханасында жатқанына үш айға жуықтаған.

Ақ халаттылардың айтуынша, Тимур Бахитов бұл жерге желтоқсан айында жеткізілген. Ол өзі жайында аты-жөнінен басқа ештеңе білмейді. Бұған дейін де оны үсік шалып, аяғының басы кесілген екен. Ал, бұл жолы тізесіне дейін кесуге тура келген. Оның соңғы жылдары жасаған қылмысы үшін жазасын өтеп шыққаны белгілі болған. Егер жуық арада туыстары табылмаса, мүгедектер үйіне жіберіледі. Дәрігерлер қазір қажетті құжаттардың дайындалып жатқанын айтады.

Салтанат Рахметова Облыстық жедел жәрдем ауруханасының мейірбикесі:

- Ешкім іздемейді, ешкім келген жоқ осы уақытқа дейін. Өзі есін дұрыс білмейді. Жауап бермейді сұраққа. Егер де бұл адамды білетін адамдар болса, хабарласуыңызды сұраймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде