{metadescription}
Үндістанда қалып қойған отандастарымыз Оман арқылы оралып жатыр
Үндістанда қалып қойған отандастарымыз Оман арқылы оралып жатыр

Үндістанда қалып қойған отандастарымыз Оман арқылы оралып жатыр

Қазақстанның 68 азаматы Үндістаннан елге аман-есен оралды. Пәкістанмен арадағы саяси шиеленіске байланысты әуе кеңістігі жабылып бір топ отандасымыз Делиден ұшып шыға алмай қалған болатын.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Ең басынан біз бақылауға алып, назарымызда болды. Біздің консул, елшінің өзі сол жұмыс тобын басқарып, сол біздің қалған жолаушыларды бәрін жәрдем беріп, елге қайтарды.

Үндістаннан уақытында ұшып кете алмай қалған отандастарымыз бірнеше күн сондағы елшіліктің қамқорлығында болды. Ішіп-жемнен кем қылмай, елдегі ағайын-туысымен сөйлестіріп, жайлы қонақүйге жайғастырған. Жұрттың мұнша әбігерге түсуі Пәкістан жағынан болып отыр. Осы ел мен Үндістан арасындағы саяси шиеленіске байланысты, әуе кеңістігін ақпанның 28-інен наурыздың 5-іне дейін жауып тастаған еді. Қазіргі уақытта біздің ұшақтар сапарын өз қалпымен орындап жатыр. Тек, жолы өзгерген, енді бұрынғыдай Пәкістанның үстімен емес, Оман патшалығы арқылы ұшады.

Тілек Әбдірахимов, «Air Astana» АҚ корпоративтік коммуникациялар менеджері:

- «Эйр Астананың» рейстері Қазақстан мен Үндістан арасында Оман корольдігі арқылы орындалады. Яғни, сол Оман корольдігінің астанасында істеп, құю үшін ұшақтарымыз қонады. Сондықтан рейстердің ұзақтығы ұзарды, 9 сағаттан астам.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде