{metadescription}
Полторанин қамаудан босап шығып, Мәскеуге ұшып кетті
Полторанин қамаудан босап шығып, Мәскеуге ұшып кетті

Полторанин қамаудан босап шығып, Мәскеуге ұшып кетті

Допинг дауына ұшыраған шаңғышымыз сол күйі не шаңғы жарысы ұлттық федерациясымен, не Австриядағы Қазақстан елшілігімен хабарласпаған.

Яғни өзінің неге мұндай қадамға барғанын ешкімге түсіндірмепті. Қазақстан шаңғы құрамасының топбасшысы Алексей Полторанин Австрияда әлем чемпионатына қатысуы керек болатын. Алайда ақпанның 27-сі күні жарысқа небәрі бір жарым сағат қалғанда қамауға алынды. Сөйтсе, оның қанының құрамынан тыйым салынған дәрілік заттар табылыпты. Оны өзі мойындаған. Даңқты шаңғышысы Владимир Смирнов спортшының бұл әрекетін елімізді масқаралау деп атады. Қамаудан шыққан соң, сондағы консулымыз онымен кездесіп, мән-жайды білу үшін жатқан қонақүйіне барса, Полторанин тіл қатпастан тайып тұрыпты. Соңғы мәлімет бойынша, ол Мюнхен арқылы Мәскеуге ұшып кеткен.

Ержан Ашықбаев, Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Ол кісі біздің консулдық қызметкерлерімен байланыста болудан бас тартып отыр. Енді алдағы күндердің ішінде жағдай нақтыланады деген ойдамыз. Бізге тиісті сауалдар түскенде тиісті қолдау көрсетілетін болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде