{metadescription}
«Көне-Тараз» кешенін салу үшін үйлер сүрілмек. Халық наразы.
«Көне-Тараз» кешенін салу үшін үйлер сүрілмек. Халық наразы.

«Көне-Тараз» кешенін салу үшін үйлер сүрілмек. Халық наразы.

Таразда баспаналары сүріледі дегенді естіген жұрт әкімдіктің алдында наразылық білдірді. Қала әкімінің қаулысымен орталықтағы көп пәтерлі 5 үй бұзылуы тиіс. Алайда биліктің бұл шешіміне бұқара үзілді-кесілді қарсы. Нысандар не үшін қиратылмақ? Жұрт шенеуніктерді райынан қайтара алды ма?

Жәмила Мамазияеваның баспанасы көз алдында үйіндіге айналайын деп тұр. Жалғыз басты әйел бес жыл бұрын 5 млн. теңгеге бір бөлмелі пәтер алған. Әлі несиесінен жауып үлгермеген ол жуырда ғана 2 млн. теңгеге жөндеу жүргізіпті. Енді әзер жеткен үйінен айырылайын деп жатыр. 

- 2 млн. несие алғам. Мен ешқайда кетпеймін. Енді қайда барамын? Тапқан ақшамның бәрі осы үйге жараттым.

Әкімдік үйлерді сүру жөніндегі ескерту парағын таратып қойған. Жоспар бойынша мұнда «Көне Тараз» кешені салынуы тиіс. Бұл жоба әсіресе бизнесмендерге тиімсіз. Ғимараттың астыңғы қабаты шаштараз, дәріхана, дүкен сынды кәсіпкерлік нысандар. Көпқабатты үй қиратылса, орталықтар қоса кетеді.

Шаиста Мералиева, кәсіпкер:

- 22 жыл бұрын осы жерден бизнес ашқанмын. Шағын шаштаразым бар. 30 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Енді жағдайымыз түзеліп келе жатқанда мыналары масқара ғой. Не үшін, біздің не кінәміз бар? Адамдарды қайда жіберемін?

Жұрттың айтуынша, баспаналар бұзылады деген жайсыз хабар алдыңғы жылы да айтылып, әкімдік артынша бұл ойынан айныған. Ал биыл бастама қайта көтеріліпті. Бірақ тұрғындардың оңайлықпен берілгісі жоқ.

Қарағым әкім бала. Қойсаңшы айналайын. Мұндай нәрсеңді істемеші. Үйлеріңізді алып тастаймыз дейді. Әкімге халық ойыншық па? Бұл дүниенің заң аясында жауап бермесе, Алланың алдында жауап береді. Бұл жерде жесір, жалғызбасты аналар бар. Көз жасынган қорықсын әкім.

Шулаған жұртқа жағдайды қала әкімінің өзі түсіндіруге тырысты. Даладағы келіссөз бір сағатқа жуықтады. Алайда шенеунік жұртты жұбатар жауап айта алмады. Келіспегендерін сотқа сілтеді.

Ғалымжан Әбдірайымов, Тараз қаласының әкімі:

- Сол бұзылатын болса, сізбен, де сізбен де бизнесі бар азаматтармен бәрімен келісім-шарт жасалады. Бағасы шығады. Сіз оған келіспесеңіз бізді сотқа бересіз.

Биліктің көз тіккені орталықтағы үш қабатты бес үй. Енді бұл даудың әлі басылмайтыны анық. Ал «қуырдақтың көкесі» осынау 5 үйдегі 66 пәтерді бағалау кезінде болайын деп тұрғандай.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде