{metadescription}
Астанадағы «Пирамиданың» директоры 12 жылға дейін сотталуы мүмкін
Астанадағы «Пирамиданың» директоры 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

Астанадағы «Пирамиданың» директоры 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

Астанада Бейбітшілік және келісім сарайы директорының не үшін қамауға алынғаны белгілі болды. Ел аузында «Пирамида» аталып кеткен мәдени орталықтың басшысы Әділ Арын бюджеттің 21 миллион теңгесін жымқырған деген күдікке ілінді. 

Ботагөз Баян, Астана қалалық сотының баспасөз хатшысы:

- Күдікті Арын Әділ Сейілханұлына қатысты қамауда ұстау туралы бұртартпау шарасы санкцияланды. Яғни Арын Әділ екі ай мерзімге 2019 жылдың 26-сәуіріне дейінгі мерзімде қамауда.

Тергеу мәліметтеріне қарағанда, 39 жастағы Арын LED-экран сатып алуға бөлінген қаржыны ұрлаған. Сол ойын іске асыру үшін, қол астындағы сенімді қызметкерімен бірігіп, жалған фирма құрыпты. Кейін осы серіктестік арқылы әлдеқайда арзан тұратын экранды құжатта 32 миллион теңгеге сатып алдық деп көрсеткен. Негізі оның бағасы небары 11 миллион шамасында екен. Сондықтан тергеушілер артылған 21 миллионды директор қалтаға басқан деп күдіктеніп отыр. Ал, әлеуметтік желіде өте белсенді Әділ Арын Елорда символына айналған Бейбітшілік және келісім сарайын 3 жылдан астам басқарған. Қазір күдікті  қызметінен шеттетілді. Егер оның кінәсі дәлелденсе, 12 жылға дейін жаза арқалуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде