«Мықты әйел» иіссуы көпшілікке таныстырылды
«ForteBank» «Бизнес-әйелдердің де ісі» жобасы аясында «Мықты әйел» иіссуын көпшілікке таныстырды. Өнім сатылымға шықпайды. Оны сезіну үшін банктің кассалары мен банкоматтарынан купюраларды алсаңыз жеткілікті. Өйткені, банк өз айналымындағы ақшаларға хош иіс сеуіп қойған.
Автор: Әсел Тұмашқызы
05.03.2019
- Қолдауды, еңсеруді, құрметті сезін!
- Иә, анашым менің қолымнан келді.
Бұл еліміздің бетке ұстар бизнес ледилері. Сенімді. Батыл арулар. Қазақстандық кез-келген әйел осы тізімнен көрінуге лайықты! Ал, «ForteBank» бизнес бастамаларды қашанда қолдауға дайын. Осы мақсатта іскер әйелдердің иіссуын ойлап тапты.
Гурам Андроникашвили, «Fortebank» АҚ Басқарма төрағасы:
- Біз бизнестегі әйелдер үшін арнайы өнім жасаймыз. Онда іскер әйелдер үшін артықшылықтар бар. Бұдан бөлек, төмен пайыздық мөлшер және жеңілдетілген тарифтік кесте түрінде көмек көрсете аламыз. Бұл олардың кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік береді.
«ForteBank» 2016 мен 2017 жылдар аралығында Еуропалық қайта құру және даму банкінен 10 миллион доллар алды. Бұл қаржы 6 айдың ішінде қазақстандық әйелдердің бизнесін көтеруге жұмсалды.
Гурам Андроникашвили, «Fortebank» АҚ Басқарма төрағасы:
- Биыл бизнестегі әйелдерді қолдау мақсатындағы бағдарламаны дамытуға ден қоямыз. Сондай-ақ Еуропалық Қайта Құру және даму банкінен қаржы тарту жоспарда бар. Бұдан бөлек, бизнесті одан әрі қолдау үшін өз қаражымыз есебінен қолдау көрсетуді көздеп отырмыз.
«ForteBank» өткен жылдың өзінде 540-тан аса жобаға демеушілік көрсетті. Ал, биыл әйелдер басқаратын компаниялар үшін бірнеше өнім шығаруға ниетті. Жоба барысында іскер әйелдердің ұсыныс, тілектері ескерусіз қалмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!