{metadescription}
«Салтанат» би ансамблі көрермендерін қуантты
«Салтанат» би ансамблі көрермендерін қуантты

«Салтанат» би ансамблі көрермендерін қуантты

Астана төрінде «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі елордалық көрермендерін жаңа бағдарламамен қуантты. Алпыс жылдық тарихы бар өнер ұжымының концертіне жиналған халықтың қарасы қалың.

Дүниенің түкпір-түкпірінде би өнерін насихаттап жүрген ұжымның репертуарында 150-ге жуық ұлттың биі бар. Жыл сайын жаңа қойылымдары мен жарқ-жұрқ еткен костюмдерімен ел назарын аудартып келеді. Сондықтан болар астаналықтар ансамбльдің әр концертін асыға күтеді. Биылғы бағдарлама бұрынғыдан өзгерек. Ұжым еліміздегі бір шаңырақ астына ұйысқан ұлт пен ұлыстың ұлттық билерін дәріптеді.

Гүлсім Орынбаева, «Салтанат»  ансамблінің көркемдік жетекшісі:

- Концерт бірнеше бөлімнен тұрады. Алғашы бөлімде қазақтың ұлттық би өнерін дәріптейміз. Екінші бөлім біздің елде тұратын этностардың мәдениетіне арналады. Топтық билерден бөлек, өнерпаздардың жеке орындауындағы нөмірлері бар.

Жеке концерттен бөлек, «Отан үшін» спектаклі сахналанды. Көрермен би қойылымы арқылы соғыс жылдарындағы ата – баба ерлігін еске түсірді.

Денис Витченко, «Салтанат» ансамблінің солисі:

- Шетелде көрсетілген жоқ. Тек Қазақстанда көрсеттік. Құдай бұйырса, министрліктің арқасында шетелдерге  баратын шығармыз.

Иә, өнер ұжымы қойылымды өзге елдерде сахналауды жоспарлап отыр. Өйткені, елімізде ғана емес шетелде танымал ансамбль АҚШ, Оңтүстік Корея, Үндістан, Түркия, Ресей  елдерінде сұранысқа ие.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде