{metadescription}
Тағы бір аймақта еліктердің өлекселері табылды
Тағы бір аймақта еліктердің өлекселері табылды

Тағы бір аймақта еліктердің өлекселері табылды

Бүгін Ақмола облысына көршілес Солтүстік Қазақстанда браконьерлер жайратып кеткен түз тағылар анықтылды.    

Мына еліктерді сұлатып салған 5 адам Қызылжар ауданы аумағындағы орманда емін-еркін мылтық атып, «олжаға кенелген». Оларды Табиғи парк инспекторлары мен полицейлер Есіл өзені бойында ұстады. «Митсубиси Делика» автокөлігінен бірнеше «Сібір елігінің» өлексесі, сондай-ақ, 5 шаңғы мен 2 қару тәркіленген. Браконьерлердің екеуі Петропавл, қалғандары Красный яр ауылының тұрғындары. Олар қолхатпен үйлеріне жіберілді. Елік еттері сараптамаға жөнелтіліп, мемлекетке келтірілген шығын есептеліп жатыр.

Нұрбек Баекин, СҚО ПД баспасөз қызметінің бас маманы:

- Қар жамылғысы қалың болғандықтан жануарларға қозғалу қиын. Сондықтан атуға тиым салынды. Олардың нағыз көбейетін кезі. Қазіргі уақытта Қылмыстық Кодекстің 337 бабының 4 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде