{metadescription}
Ақтөбеде тұрғын үйді ыстық су басып қалды
Ақтөбеде тұрғын үйді ыстық су басып қалды

Ақтөбеде тұрғын үйді ыстық су басып қалды

Ақтөбеде үш қабатты үйдің шатырындағы жылу құбыры жарылып ғимаратты ыстық су басып қалды. Оқиға орнына жеткен коммуналдық мекеме жұмысшылары жылу мен жарықтан үйді ажыратты. Енді оны қашан қосатыны белгісіз. Мұндағы тұрғындар енді бүлінген дүниесін кімнен дауларын білмей дал.

Бұл үйдің тұрғындары туған-туыстарының үйін жағалап кеткен. Шатырдағы жылу құбыры жарылып, осындағы 28 пәтерді су басып қалыпты. Ыстық су атқылаған кезде бәрі қашып үлгерген. Дер кезінде аңғармағанда күйіп қалар ма едік дейді тұрғындар. Құбыр жарылғанда тұрғындар алдымен кооператив басшыларына хабарласқан. Ондағылардан еш қайыр болмапты. Ал коммуналдық мекеме жұмысшылары сол бойда жылу мен жарықты ажыратқан.

Жанаргүл Төреханова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Үйіміз суға кетті. Подъездіміз суға кетті. Жарық, жылу жоқ. Үй ұлып тұр.

Тұрғындар енді бүлінген дүниелерін кімнен дауларын білмей дал. Пәтер иелері кооперативінің үстінен шағымданғанымен, ондағылар өздеріне шаң жуытар емес.

Ұмсындық Жанайысова, ПИК төрайымы:

- Бұл үй 66 жылы салынған. Тұрғындарға жиналыс сайын күрделі жөндеу жүргізейік, жылу құбырларын жаңартайық деп үнемі айтамын. Бірақ ешбірі келіспейді. Шатыр да ескірген. Уақтылы жөндегенде бұлай болмас еді.

Бірақ тұрғындар төрайымның бұл сөзімен келіспейді. Қазір кооперативке қатысты сотқа арыз түсірмекші. Бүлінген дүниелерін тіркеу үшін учаскелік инспекторды да шақыртып қойған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде