{metadescription}
Базарға барған Дәленов көкөністердің бағасын суретке түсіріп алған
Базарға барған Дәленов көкөністердің бағасын суретке түсіріп алған

Базарға барған Дәленов көкөністердің бағасын суретке түсіріп алған

Елімізде көкөніс пен жеміс-жидек сатушылары бағаны әдейі келісіп көтерген болуы мүмкін. Өйткені, дәл көктемгі мерекелер басталарда бағаның шарықтағаны байқалады. Әсіресе, қызанақ, қияр және орамжапырақ пен пияздың ақысы өскен.

Күләш Тасболтаева, Алматы қаласының тұрғыны:

- Қазіргі баға өте қымбат. 1000-1200 теңгеден қымбатқа сатып алып жей алмаймыз. Тоқтамай өсіп жатыр. Арзан болады дейді. Бірақ, қане?

Десе де, баға әр өңірде әр түрлі. Мәселен, Алматы базарларында қызанақтың келісі 1000 теңге, қияр 800 бен 1300 теңгенің аралығында сатылуда. Ал Астанада көкөніс әлдеқайда қымбаттау. Ең арзан дейтін базарлардың өзінде қызанақтың келісі 1400, ал қияр 1350 теңгеге дейін саудалануда. Әрі орамжапырақ 30 теңгеге қымбаттап, 230 теңгеден, ал пияздың келісі 40 теңгеге өсіп, 150 теңгеден сатылып жатыр. Бағаның мереке алдында шарықтағанын Ұлттық экономика министрі де растап отыр. Тіпті, базарларды өзім аралап шықтым деген Руслан Дәленов бүгін Үкіметке көкөністердің бағасын суретке түсіріп ала келіпті. Айтуынша, сатушылар көкөніс құнын әдейі келісіп көтерген болуы мүмкін.

Руслан Дәленов, Ұлттық экономика министрі:

- Біз бұл жағдайды тексереміз. Монополияға қарсы комитеттің департаменттері талдауды жүргізеді. Баға келісімі бар ма, жоқ па, оны талдайды. Бағалар келісімі болса айыппұл салынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.