Депутаттар лифт шығаратын зауыт салуды ұсынды
Депутаттар әбден тозығы жеткен лифтілерді шұғыл ауыстыруды талап етті. Өйткені, ескіріп, істен шыққан жеделсатылардың саны тым көп екен.
Автор: Досжан Маратұлы
06.03.2019
Василий Олейник, Мәжіліс депутаты:
- Қазақстан бойынша 8,5 мың көп қабатты тұрғын үйде 23 мыңнан астам лифті бар. Олардың шамамен 40 пайызы қолдануға жарамсыз. Мерзімдері де әлдеқашан аяқталған. Сол үшін тұрғындардың өміріне үлкен қауіп төніп тұр.
Әсіресе, Алматыдағы жағдай қиын. Мұнда екі мыңға жуық жедел саты істен шыққан. Павлодар облысында мың жарым, Қарағанды облысында мыңға жуық лифті қолдануға жарамсыз. Сол үшін ел бойынша жеделсатыда жаншылып немесе шахтасына құлап қаза тапқандар көп. Мәселен, Алматыда екі апта бұрын ауған соғысының ардагері лифтінің құрбаны болған еді. Одан бұрын Ақтөбеде де 28 жастағы тележүргізуші Айзат Әбдісамат жеделсатыға жаншылып өлген. Сол үшін мәжілісмендер Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәселені бір жола шешуді талап етуде. Әрі лифт шығаратын зауыт салуды ұсынып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!