Алматының айналасындағы 35 елдімекенді су басу қаупі бар
Бүгін Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мен Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары таудағы көлдерді тікұшақпен бақылап, осындай мәлімдеме жасады.
Автор: Әсем Қабылбек
06.03.2019
Іле Алатауындағы мұздықтардың тоңы жібімей, сірескен күйі жатыр. Әзірге, жағдай бақылауда. Қардың еруі мен мұздықтардың көлемі күн сайын есептеледі. Дегенмен, жағдай кез келген сәтте өзгеруі мүмкін. Қауіптің алдын-алуға 7300 маман, 1600 техника мен 36 мыңнан аса мың құм толы қапшық дайын. Тікұшақпен әуеге көтерілген Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин бірнеше тапсырма жүктеп отыр. Себебі, осы жылы Қаскелең және Кіші Алматы, Ақсай, Талғар шатқалдарына түскен қар қалың. Наурыз айында ауа температурасы қалыпты нормадан 5 градусқа дейін жоғары болмақ. Бұл Есік, Талғар, Ұзынағаш пен Қаскелең маңындағы ауылдар үшін қауіпті. Тасқынға тосқауыл болатын бөгеттердің де дайындығы пысықталды. Дегенмен биыл Алматы облысындағы қауіпті учаскелердің саны 55-тен 12-ге дейін қысқарған.
Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:
- Таулы аймақтарда мұздықтар әлі ерімеді. Әзірге, селден қауіп жоқ. Жағдайды бақылауда ұстаймыз. Наурыздың ортасынан бастап су тасқыны қаупі туындайды. Себебі, күн кұрт жылиды. Кіші Алматы шатқалындағы «Мыңжылқы» бөгеті 5 мың текшеметр суды қабылдауға әзір.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!